Астана елордалық тартыста жеңді, Жас Батыр чемпионаттағы 100 шайбасын салды

24 qazan
842

Қазақстанның жастар чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Барыс» пен «Астана» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Қонақтар жекпе-жекті жақсы бастап, бірінші кезеңде қарсыласты екі рет састырды. Алайда әрі қарай қазіргі ел чемпионы ойынға оралды. Әйтсе де, бірінші елордалық жекпе-жектің екі балы «Астанаға» бұйырды. «Елордалықтарға» жеңісті Семён Черкасовтың дөп соққысы әкелді.

«Барыс» - «Астана» 2:3 Б (0:2, 2:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 06:37 - Сулейменов (Гатауллин)

0:2 - 13:06 - Бекеев (Шаяхметов) ГБ

1:2 - 27:37 - Дурглишвили (Потапов, Трегубов)

2:2 - 38:22 - Трегубов (Потапов, Перкин)

2:3 - 65:00 - Черкасов ПБ

Қақпашылар: Толеубай - Габдуллин

Екі батыстық ұжымның жекпе-жегінде жеңіске көпшілік күткендей «Жас Батыр» жетті. Ол биылғы чемпионатта бұрынғыша жеңіліс көрмей келеді. Қарсыласты екі рет Роман Строчкин састырды, ол атыраулықтардың биылғы чемпионаттағы 100-ші шайбасының авторы атанды. Руслан Телгожаев командаластарына үш рет пас берді.

«Жас Батыр» - «Ястребы» 7:2 (2:1, 2:0, 3:1)

0:1 - 02:13 - Выборный (Стальмаков) ГМ

1:1 - 07:11 - Щепеицких (Пиниди, Телгожаев)

2:1 - 08:29 - Ерасов

3:1 - 25:59 - Папшев (Бойцов, Трибунский)

4:1 - 38:53 - Строчкин (Пиниди) ГБ

4:2 - 41:06 - Селезнев

5:2 - 46:09 - Хальзев

6:2 - 49:00 - Пиниди (Телгожаев, Щепеицких) ГБ

7:2 - 53:14 - Строчкин (Телгожаев, Щепеицких) ГБ

Қақпашылар: Дударкиев - Какенов (Костоев, 53:14-59:42)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.