Петропавлдағы буллиттер, Папшев Горнякты үш рет састырды

30 qazan
510

Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы алты матчпен ашылды.

«Теміртау» Петропавлдағы бірінші матчта жеңісті уыстан шығарып алды. Кездесудің ортасына қарай қарағандылық ұжым үш шайба үстемдігімен алда келе жатты, алайда әрі қарай қонақтар есе қайтарумен болды. Нәтижесінде ойын тағдырын буллиттер шешіп, петропавлдықтар дәлірек көздеді. Шешуші соққы дубль жасаған Алексей Фрукаловқа тиесілі.

«Құлагер» - «Теміртау» 5:4 Б (0:3, 3:0, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 03:29 - Деликов (Алтухов)

0:2 - 12:22 - Забурдяев (Коротких, Соколов) ГБ

0:3 - 12:47 - Рублёв (Телегин)

1:3 - 34:46 - Горбань (Литвинцов, Абрамов)

2:3 - 35:26 - Фрукалов (Серикбулатов)

3:3 - 39:17 - Юдин (Артемьев, Серикбулатов)

4:3 - 55:25 - Кузьмин (Калиниченко, Горбань)

4:4 - 58:49 - Соколов (Степанов, Деликов)

5:4 - 65:00 - Фрукалов

Қақпашылар: Елхимов (Байдек, 12:47-65:00) – Пахоленко

«Жас Батыр» қатарынан 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Бүгін чемпионат көшбасшысы өз алаңында «Горнякты» әбден қинады. Филипп Папшев хет-трик жасады, алаң иелерінің төрт нәтижелі шабуылына Даниил Шепеицких қатысты.

«Жас Батыр» - «Горняк» 11:3 (4:2, 4:0, 3:1)

1:0 - 02:20 - Хальзев

2:0 - 05:46 - Бойцов

3:0 - 10:08 - Мухамедияров (Щепеицких, Ауезбай)

3:1 - 11:53 - Малхасян (Семенов, Абдуллаев)

3:2 - 12:24 - Крицин (Руслан, Стенников)

4:2 - 16:36 - Хальзев (Телгожаев, Щепеицких)

5:2 - 21:25 - Папшев

6:2 - 22:07 - Максимов (Хальзев, Папшев)

7:2 - 30:03 - Папшев (Ауезбай)

8:2 - 33:33 - Щепеицких (Бойцов)

9:2 - 43:59 - Строчкин (Мухамедияров, Щепеицких) ГБ

9:3 - 46:50 - Семенов (Малхасян)

10:3 - 54:19 - Папшев

11:3 - 55:48 - Тясин (Строчкин, Мухамедияров)

Қақпашылар: Прицкер – Шапошник

«Ястребы» мен «Ақтөбенің» Оралдағы алғашқы жекпе-жегінде алаң иелері дәлірек көздеді. Кездесу барысына бірінші кезеңнің нәтижесі көп ықпал етіп, «Ястребы» ойынның әрі қарайғы барысын бақылауда ұстады. Артур Хусаинов өз командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты. Қақпашы Давид Костоевтің есебінде 33 сейв бар.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)

1:0 - 09:29 - Иконников (Клочков, Хусаинов)

2:0 - 14:12 - Хусаинов (Куминов, Перцев)

2:1 - 34:37 - Морозов (Цихоцкий, Бурамбаев) ГБ

3:1 - 34:55 - Перцев (Тяжелов, Хусаинов)

Қақпашылар: Костоев - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.