Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты алты матчпен жалғасады.
«Торпедо» «Барыстан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Өскемендіктер бірінші кезеңді сәтті өткізіп, ойынды өз бақылауларында ұстады және финалдық ысқырыққа дейін сенімді қимылдады. Игорь Кисель дубль жасады, Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.
«Барыс» - «Торпедо» 2:5 (0:2, 2:2, 0:1)
0:1 - 05:28 - Астраханцев (Тютюньков Я.)
0:2 - 12:52 - Кисель (Жапаров) ГБ
1:2 - 25:26 - Дурглишвили (Перкин) ГБ
1:3 - 27:17 - Кисель (Тютюньков Я., Астраханцев) ГБ
1:4 - 28:05 - Мерзликин (Глухих, Кисель)
2:4 - 29:04 - Гросс ГМ
2:5 - 47:53 - Тютюньков Я. (Пименов, Есимов) ГБ
Қақпашылар: Лыткин (Толеубай, 47:53-60:00) - Эрштейн
«Алматы» Көкшетауда ұпай жинай алмады. «Арланмен» жекпе-жекте екінші кезең шешуші болып, қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. «Көкшеліктер» құрамынан Леонид Ждановский және өз командасының төрт нәтижелі шабуылына атсалысқан Леонид Монахов (2+2) дубль жасады.
«Арлан» - «Алматы» 6:3 (1:1, 3:0, 2:2)
1:0 - 08:24 - Кабдуали (Толуспаев)
1:1 - 18:40 - Демеу (Фетисов)
2:1 - 25:49 - Ждановский (Сауриков, Кладов)
3:1 - 32:46 - Монахов (Толуспаев)
4:1 - 39:57 - Ждановский (Монахов)
5:1 - 43:09 - Монахов (Сауриков) ГБ
6:1 - 44:19 - Чепышкин (Монахов)
6:2 - 45:40 - Мажикенов
6:3 - 59:35 - Шулепов (Узакбаев, Демеу)
Қақпашылар: Шефер - Рудковский (Яковенко, 43:09-60:00)
«Астана» «Мұнайшымен» үйдегі екінші кездесуі барысында екі рет есеп бойынша артта қалды. Алайда павлодарлық хоккейшілер ойын соңына шаршап жетті. Матч елордалықтардың пайдасына шешіліп, кем дегенде бүгінгі ойын күні аяқталғанша үздіктер үштігіне енді. Егор Гатаулин қарсыласты екі рет састырды.
«Астана» - «Мұнайшы» 4:2 (1:2, 1:0, 2:0)
0:1 - 03:36 - Рихард (Абенов)
1:1 - 05:38 - Черкасов (Еркинов, Церульников)
1:2 - 10:06 - Назарчук (Мальцев) ГМ
2:2 - 38:36 - Гатауллин (Бекеев, Бондарев) ГБ
3:2 - 53:14 - Церульников (Черкасов, Еркинов)
4:2 - 55:19 - Гатауллин (Бекеев)
Қақпашылар: Еркинов - Ваганян
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.