Жас Батырдың қатарынан 16-шы жеңісі, Теміртау мен Ақтөбенің қарымтасы

31 qazan
451

Қазақстан жастар чемпионатындағы ойын аптасы алты матчпен жалғасады.

«Теміртау» Петропавлда қарымта қайтарды. Командалар матчты нәтижелі бастап барып, сәл екпінді азайтты және қорғанысқа көбірек көңіл бөле бастады. Мұндай жағдайды қонақтар ұтымды пайдаланып, турнир кестесінің жетінші қатарына бекіді. Жеңімпаздар құрамынан Марк Забурдяев пен Омар Уатов дубль жасады. «Құлагерден» екі дөп соққыны өз есебіне Сергей Горбань жазды.

«Құлагер» - «Теміртау» 3:5 (3:3, 0:1, 0:1)

1:0 - 00:18 - Горбань (Кузьмин, Калиниченко)

1:1 - 01:19 - Забурдяев (Соколов, Деликов)

1:2 - 05:57 - Уатов (Божко) ГБ

1:3 - 08:55 - Уатов (Еськов, Совет) ГБ

2:3 - 09:14 - Калиниченко (Байдек)

3:3 - 14:25 - Горбань (Калиниченко, Литвинцов)

3:4 - 30:27 - Забурдяев (Божко, Уатов) ГБ

3:5 - 58:52 - Божко

Қақпашылар: Байдек - Зюзин (Селивёрстов, 20:00-60:00)

«Горняк» қатарынан 16 матчын жеңген «Жас Батырдың» жеңіс шеруін тоқтата алмады. Алаң иелері екінші кезеңнің басына қарай үстемдік орнатып, оны финалдық ысқырыққа дейін сақтап қалды. Арсен Мухамедияров дубль жасады, Даниил Шепеицких 4 (1+3) балл жинады.

«Жас Батыр» - «Горняк» 5:2 (2:0, 3:2, 0:0)

1:0 - 06:27 - Максимов (Папшев, Баймырзаев)

2:0 - 13:24 - Строчкин (Трибунский, Щепеицких)

3:0 - 21:20 - Щепеицких (Строчкин, Бойцов)

3:1 - 27:26 - Малхасян (Макаров, Руслан)

4:1 - 31:07 - Мухамедияров (Бойцов, Щепеицких)

5:1 - 31:45 - Мухамедияров (Трибунский, Щепеицких)

5:2 - 36:48 - Семенов (Крицин, Кожуховский)

Қақпашылар: Фанайлов - Шапошник

«Ястребы» мен «Ақтөбенің» екінші ойынында барлығын бір шайба шешті. Қонақтарға жеңісті соңғы кезеңнің алғашқы минутында Андрей Шпак салған дөп соққы, сондай-ақ ақтөбеліктердің қақпашысы Максим Дубовичтің орындауындағы 34 сейв сыйлады. Осының арқасында «Ақтөбе» чемпионат үздіктерінің үштігіне оралды.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 40:40 - Шпак (Афлитонов, Мозжерин) ГБ

Қақпашылар: Костоев - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.