Барыс Мұнайшыны ойсырата жеңді

2 qarasha
1025

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі Астанада өтті.

«Барыс» «Мұнайшыны» тырп еткізбей, «Жас Батырға» үш балдық арақашықтыққа жақындады. Бірінші кезеңде-ақ қонақтардың қақпасына төрт шайба аттанып, әрі қарай елордалық ұжымның үстемдігі арта берді. Даниил Надейкин дубль жасады. Павлодарлықтар болса, қарсыластың қақпасын ала алмады.

«Барыс» - «Мұнайшы» 8:0 (4:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 03:39 - Китаров (Болгов) ГБ

2:0 - 05:26 - Гафуров (Саркенов, Оразбаев)

3:0 - 06:18 - Гросс (Шакшакбаев, Левковец)

4:0 - 13:29 - Левковец (Гросс, Шакшакбаев)

5:0 - 22:06 - Надейкин (Гросс, Левковец)

6:0 - 24:17 - Морожников (Болгов, Трифонов) ГБ

7:0 - 40:17 - Потапов

8:0 - 45:06 - Надейкин (Шакшакбаев, Гросс)

Қақпашылар: Толеубай (Шарипов, 22:06-60:00) - Ваганян


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.