Барыстың жүздігі, Алматы мен Теміртаудың түздегі жеңістері

3 qarasha
438

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына үш матч жоспарланған.

«Барыс» «Мұнайшыны» тағы да сенімді түрде жеңіп, биылғы чемпионаттағы 100 матчтық межеге жетті және соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіс тойын тойлады. Өз командасының жүзінші голының авторы Кирилл Болгов пен Савелий Потапов қарсыласты үш реттен састырды.

«Барыс» - «Мұнайшы» 8:1 (1:1, 4:0, 3:0)

1:0 - 03:27 - Болгов (Китаров, Тусупбеков)

1:1 - 18:24 - Назарчук (Анцельм)

2:1 - 28:05 - Шарапов (Кажибеков, Оразбаев)

3:1 - 29:55 - Китаров

4:1 - 30:22 - Потапов

5:1 - 37:21 - Болгов (Китаров, Шимин)

6:1 - 46:17 - Болгов

7:1 - 50:48 - Потапов (Перкин, Морожников)

8:1 - 59:56 - Потапов (Шипилин, Китаров)

Қақпашылар: Шарипов - Гиганов (Плотников, 30:22-60:00)

«Теміртау» Көкшетауда маңдай термен жеңіске жетті. «Арлан» бастапқы кезеңді жақсы өткізіп, қарсыласты екі рет састырды. Алайда әрі қарай қонақтар ойынға оралып, финалдық ысқырыққа төрт жарым минут қалғанда Андрей Еськов жасаған дөп соққының арқасында екі балл жинады.

«Арлан» - «Теміртау» 3:4 (2:0, 0:2, 1:2)

1:0 - 14:40 - Каиргелди (Ждановский) ГБ

2:0 - 19:02 - Ждановский

2:1 - 21:17 - Коротких (Соколов, Степанов) ГМ

2:2 - 23:31 - Божко ГБ

2:3 - 46:36 - Кайбелев (Еськов)

3:3 - 51:13 - Монахов (Ждановский)

3:4 - 55:30 - Еськов

Қақпашылар: Шефер – Пахоленко

«Алматы» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Петропавлдағы матчтың негізгі жайттары үшінші кезеңнің ортасында орын алды: қонақтар төрт минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Шешуші соққының авторы – Никита Фетисов. Финалдық ысқырыққа сәл қалғанда Кирилл Юдин ойын өрнегін қыздырды, алайда алаң иелері одан арғыға бара алмады.

«Құлагер» - «Алматы» 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

0:1 - 11:37 - Филимонов (Киргизбаев, Мажикенов)

1:1 - 30:52 - Фрукалов (Абрамов, Кузьмин)

1:2 - 47:28 - Демеу (Шулепов)

1:3 - 51:00 - Фетисов (Неумывакин) ГБ

2:3 - 57:03 - Юдин (Рябчиков)

Қақпашылар: Байдек - Яковенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.