Ақтөбе Жас Батырдың жеңіс сериясын үзе жаздады, Ястребы Горняктың қақпасына 15 шайба аттандырды

3 qarasha
565

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына үш матч жоспарланған.

«Астана» «Торпедоменә алғашқы үй матчында әрбір кезеңде бір голдан ұйымдастырды және қорғаныста мығым ойнады. Никита Бондарев (1+2) өз командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты. Дармен Габдуллин 23 соққыға тойтарыс беріп, өз есебіне құрғақ матчты жазды.

«Астана» - «Торпедо» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 03:12 - Гатауллин (Бекеев, Бондарев) ГБ

2:0 - 36:59 - Бекеев (Бондарев)

3:0 - 42:28 - Бондарев (Гатауллин)

Қақпашылар: Габдуллин - Эрштейн (Пыленок, 10:38-11:37)

«Жас Батыр» мен «Ақтөбе» кездесуінің басты қаһармандары – қақпашылар. Негізгі уақытта қарсыластар Александр Бурамбаев пен Валерий Хальзевтің орындауында шайба алмасты. Буллиттер сериясында Хальзевтің дөп соққысы атыраулықтарды маусымдағы алғашқы жеңілістен құтқарып қалды. Алаң иелерінің қақпашысы Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 29 соққыға, ал оның қарсыласы Максим Дубович 33 соққыға тойтарыс берді.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 38:56 - Бурамбаев (Шайкенов)

1:1 - 39:59 - Хальзев (Максимов)

2:1 - 65:00 – Хальзев ПБ

Қақпашылар: Дударкиев - Дубович

«Ястребы» «Горнякты» ойсырата жеңді. Өкініштісі, рудныйлықтар қарсыластың қақпасын ала алмай-ақ қойды. Оралдықтар құрамынан бірден алты ойыншы дубль жасады.

«Ястребы» - «Горняк» 15:0 (6:0, 6:0, 3:0)

1:0 - 01:06 - Перцев (Клочков, Куминов)

2:0 - 01:13 - Рахимов (Тяжелов, Куминов)

3:0 - 11:26 - Перцев (Селезнев, Куминов) ГБ

4:0 - 15:42 - Рахимов (Куминов, Селезнев) ГБ

5:0 - 19:49 - Болат (Иконников)

6:0 - 19:55 - Акпирганов (Пидяшов)

7:0 - 20:44 - Выборный (Селезнев, Стальмаков)

8:0 - 23:43 - Иконников (Болат)

9:0 - 34:14 - Алламов (Клочков, Стальмаков) ГБ

10:0 - 34:57 - Черников (Иконников, Болат)

11:0 - 35:29 - Пидяшов (Акпирганов)

12:0 - 39:02 - Акпирганов (Талерко)

13:0 - 41:22 - Выборный

14:0 - 52:56 - Иконников

15:0 - 55:54 - Пидяшов (Талерко, Иконников)

Қақпашылар: Костоев (Байдек, 32:54-60:00) - Шапошник (Кушкенов, 08:08-15:42, 34:57 - 60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.