Арлан Теміртаудан қарымта қайтарды, Ястребы Горнякты тағы да сенімді түрде жеңді

4 qarasha
384

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына екі матч жоспарланған.

«Арлан» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Теміртаудан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бұл жекпе-жекте артық құрам және кем құрам бригадалары маңызды рөл атқарды, оған қоса екінші кезеңде қарсыластар бір айып соққысынан жасаған жоқ. Жеңімпаздар құрамынан Владислав Кладов пен Георгий Монахов өз есебіне екі дөп соққыдан жазды. Қонақтардан мұндай жетістікке Марк Забурдяев жетті.

«Арлан» - «Теміртау» 6:3 (0:1, 3:0, 3:2)

0:1 - 08:28 - Рублёв (Соколов)

1:1 - 29:57 - Кладов (Сауриков, Ждановский) ГБ

1:1 - 33:26 – Калкабек ШБ

1:1 - 33:55 – Кентаев ШБ

2:1 - 36:50 - Кладов (Фетисов, Ждановский)

3:1 - 38:25 - Гизатулин (Аскатулы, Коренник)

4:1 - 46:52 - Монахов (Сауриков, Кабдуали) ГБ

4:2 - 52:53 - Забурдяев (Коротких, Соколов)

5:2 - 55:33 - Монахов (Кладов, Ждановский)

5:3 - 57:39 - Забурдяев (Степанов, Коротких) ГБ

6:3 - 59:30 - Каиргелди (Кладов, Толуспаев) ПВ

Қақпашылар: Чепец - Селивёрстов

«Горняк» оралдық «Ястребы» ұжымына төтеп бере алмады. Бүгін қонақтардың шамасы абырой шайбасына ғана келді. Алайда мұнысы рудныйлық командаға ұпай әкелмеді. Қарсыласты екі реттен Артур Хусаинов пен Арлан Акпирганов састырды.

«Ястребы» - «Горняк» 8:1 (2:1, 3:0, 3:0)

1:0 - 01:41 - Тяжелов

1:1 - 08:49 - Рязанов (Стенников, Крицин)

2:1 - 13:57 - Выборный (Алламов, Селезнев)

3:1 - 20:54 - Хусаинов (Рахимов)

4:1 - 26:17 - Пидяшов (Акпирганов, Талерко)

5:1 - 37:01 - Хусаинов (Рахимов, Перцев)

6:1 - 43:09 - Селезнев (Выборный)

7:1 - 53:11 - Акпирганов (Выборный, Стальмаков) ГБ

8:1 - 59:04 - Акпирганов (Пидяшов) ГБ

Қақпашылар: Костоев (Байдек, 40:00-60:00) - Шапошник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.