Құлагер Алматының арынын басты, Астана мен Торпедо 11 шайба салды

4 qarasha
464

Қазақстан жастар чемпионатының ойын күні үш жекпе-жекпен жалғасады.

«Құлагер» мен «Алматының» екінші кездесуі павлодарлықтардың пайдасына шешілді. Жеңіс шайбасының авторы – Матвей Литвинцов. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Осипов қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Оңтүстік астаналық ұжым соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіліп, плей-офф аймағынан төрт балға дейінгі аралыққа алыстап қалды.

«Құлагер» - «Алматы» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 12:08 - Жульдиков (Артемьев, Серикбулатов)

2:0 - 22:39 - Литвинцов (Абрамов, Горбань) ГБ

2:1 - 48:10 - Филоненко (Мажикенов, Демеу)

Қақпашылар: Осипов - Яковенко

«Торпедо» «Астанамен» матчты екпіндетіп бастады. 14-ші минутқа қарай қонақтар үш шайбамен алда келе жатты. Алайда әрі қарай «елордалықтар» ойын өрнегін тауып, екінші үзіліске таразы басын теңелтіп барып кетті. Әйтсе де екі балл бүгін өскемендік ұжымға бұйырды. «Торпедоға» жеңіс әкелген шайбаның авторы – дубль жасаған Глеб Астраханцев.

«Астана» - «Торпедо» 5:6 (1:4, 4:1, 0:1)

0:1 - 00:32 - Астраханцев (Тютюньков Я.)

0:2 - 08:42 - Мерзликин (Кисель, Беляков) ГБ

0:3 - 13:04 - Пименов (Глухих, Кисель)

1:3 - 17:02 - Амангалиев (Куценко, Еркинов) ГБ

1:4 - 17:58 - Глухих (Кисель)

1:5 - 25:25 – Тютюньков Я. (Астраханцев, Рысбеков) ГБ

2:5 - 30:31 - Шевченко (Бондарев, Гатауллин) ГБ

3:5 - 31:10 - Бекеев (Бондарев, Гатауллин) ГБ

4:5 - 34:34 - Турсынбеков (Шукелов, Еркинов)

5:5 - 36:18 - Гатауллин (Бондарев, Бекеев) ГБ

5:6 - 41:18 - Астраханцев (Тютюньков Я.)

Қақпашылар: Габдуллин (Еркинов, 25:25-41:18) - Эрштейн (Пыленок, 31:10-40:00)

«Жас Батыр» тағы да «Ақтөбеден» басым түсті. Бірінші кезең шайбасыз өтті, ал әрі қарай алаң иелері өз сәттерін қарсыласқа қарағанда ұтымды пайдалана бастады да, соның арқасында атыраулықтар ойын нәтижесінде үстемдік орнатты. Роман Строчкин дубль жасады.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 6:2 (0:0, 3:1, 3:1)

1:0 - 20:17 - Строчкин (Симеониди)

1:1 - 25:36 - Морозов (Курсакбаев, Бурамбаев)

2:1 - 33:40 - Щепеицких (Строчкин, Симеониди)

3:1 - 36:29 - Папшев (Хальзев, Максимов) ГБ

4:1 - 48:10 - Строчкин (Телгожаев, Щепеицких) ГБ

5:1 - 52:00 - Садыков (Щепеицких, Телгожаев) ГБ

5:2 - 55:31 - Шайкенов (Афлитонов, Шпак) ГБ

6:2 - 57:48 - Бойцов ГМ

Қақпашылар: Дударкиев - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.