Металлургтер қаласы мен Ақтөбедегі овертаймдар

23 qarasha
544

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Теміртау» «Астанамен» алғашқы үй матчында негізгі уақыттағы жеңісті уыстан шығарып алды. Елордалық ұжым қарсыласты екі рет есеп бойынша қуып жетіп, овертаймда қақпашыны төртінші алаң ойыншысымен алмастырып, қарсы қақпаны торуылдамақшы болды. Алайда жоспар жүзеге аспады. Тимофей Симонов өз жағындағы көк сызықтан қонақтардың бос қақпасына шайба дарытты.

«Теміртау» - «Астана» 6:5 ОТ (3:2, 2:2, 0:1, 1:0)

1:0 - 01:19 - Коротких (Симонов, Соколов)

1:1 - 09:08 - Бекеев (Гатауллин)

2:1 - 10:06 - Омельницкий (Рублёв, Уатов)

2:1 - 13:50 - Черкасов

2:2 - 16:23 - Черкасов (Еркинов, Церульников) ГБ

3:2 - 17:00 - Симонов

3:3 - 27:21 - Сторожилов (Бекеев, Гатауллин)

4:3 - 28:23 - Соколов (Симонов, Коротких)

4:3 - 30:44 - Сулейменов

5:3 - 32:43 - Соколов (Симонов, Степанов) ГБ

5:4 - 34:07 - Черкасов (Бондарев)

5:5 - 40:41 - Бекеев (Бондарев, Черкасов) ГБ

6:5 - 62:24 - Симонов ПВ

Қақпашылар: Пахоленко - Габдуллин

Ойын күнінің соңғы матчы аса нәтижелі болмады, алайда ол да негізгі уақыттан тыс аяқталды. Оралдық көршілермен жекпе-жекте екі балды «Ақтөбе» хоккейшілері иемденіп кетті. Жеңіс соққысының авторы – Александр Бурамбаев. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 22:03 - Селезнев (Стальмаков, Клочков) ГБ

1:1 - 35:43 - Бурамбаев (Цихоцкий, Зизевских)

2:1 - 63:35 - Бурамбаев

Қақпашылар: Дубович - Костоев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.