Горняк пен Жас Батыр матчты соңына дейін ойнай алмады, Барыс оңтүстік астанада қарымта қайтарды

24 qarasha
2296

Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойындарын жалғастыруда.

«Горняк» пен «Жас Батыр» командалары арасында Рудныйда өткен кездесу мұз жинаушы комбайнның сынуына байланысты бірінші кезеңнен кейін аяқталды. Чемпионат регламентіне сәйкес «Горнякқа» 5:0 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.

«Алматы» мен «Барыс» үшін жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Екі кезең бойы таблода нөлден басқа сан болмады, алайда әрі қарай қарсыластар Дамир Айдуков пен Амир Гафуровтың орындауындағы дөп соққылармен алмасты. Овертаймда елордалық ұжымға екі балды Рахимбек Мейрман сыйлады. «Барыс» қақпашысы Данил Лыткин 31 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Барыс» 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

1:0 - 41:31 - Айдуков (Выговский)

1:1 - 49:31 - Гафуров (Болгов, Потапов)

1:2 - 60:37 - Мейрман (Манажанов, Надейкин)

Қақпашылар: Яковенко - Лыткин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.