Теміртау буллиттер сериясында Астананы жеңіп кетті, Ястребы Ақтөбеде қарымта қайтарды

24 qarasha
547

Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы өнерін жалғастыруда.

«Теміртау» мен «Астана» матчты тағы да негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бүгін ойын жеңімпазы металлургтер қаласында тек буллиттер сериясында анықталды. Жеңіс соққысының авторы – Марк Забурдяев, алаң иелері құрамынан Никита Рублёв дубль жасады.

«Теміртау» - «Астана» 5:4 Б (2:2, 1:0, 1:2, 0:0, 1:0)

0:1 - 12:53 - Гатауллин (Бондарев, Шаяхметов) ГБ

0:2 - 14:26 - Сулейменов (Амангалиев)

1:2 - 16:39 - Рублёв (Забурдяев) ГМ

2:2 - 17:53 - Уатов (Степанов)

3:2 - 35:38 - Рублёв (Гордин)

4:2 - 44:48 - Деликов (Коротких)

4:3 - 50:38 - Черкасов (Гатауллин) ГБ

4:4 - 52:58 - Бондарев (Шаяхметов) ГМ

5:4 - 65:00 – Забурдяев ПБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Габдуллин

«Ақтөбе» мен «Ястребы» командаларына да 60 минут жетпей қалды. Есесіне, овертаймның алғашқы минутында оралдықтар Данила Трегубовтың дөп соққысының арқасында қарымта қайтарды. Никита Талерко алаң иелерін екі рет састырды.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 3:4 ОТ (1:1, 1:2, 1:0, 0:1)

0:1 - 01:56 - Талерко (Перцев, Трегубов)

1:1 - 14:19 - Катасонов (Шпак)

2:1 - 27:56 - Цихоцкий ГМ

2:2 - 33:29 - Талерко (Куминов)

2:3 - 39:00 - Клочков (Выборный)

3:3 - 56:15 - Морозов (Бурамбаев)

3:4 - 60:53 - Трегубов (Выборный)

Қақпашылар: Дубович - Какенов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.