Құлагер Торпедоға есе жіберді, Мұнайшы жеңілістер сериясын үзді

25 qarasha
1301

Қазақстан жастар чемпионаты екі матчпен жалғасады.

Алаң иелері бірінші кезеңде мұндай екпінге дайын болмаған петропавлдық қарсыласты әбден састырды. Ойынның 14-ші минутына келгенде ойынның тағдыры шешілді – «Құлагердің» қақпасына төрт шайба аттанды. Игорь Кисель дубль жасады. Әрі қарай қонақтар қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берген Никита Эрштейннің қақпасына бір рет қана жол тапты.

«Торпедо» - «Құлагер» 4:1 (4:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 04:17 - Кисель (Мерзликин, Астраханцев)

2:0 - 04:40 - Хан (Мерзликин)

3:0 - 06:57 - Кисель (Глухих, Мерзликин)

4:0 - 13:35 - Ромашкин (Фокин, Киселёв)

4:1 - 56:46 - Кузьмин (Абрамов, Горбань) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Байдек

«Мұнайшы» 20 қазаннан бері алғаш рет жеңіске жетіп, өзінің тоғыз матчқа созылған жеңіліс сериясын үзді. Павлодарлықтар «Арланмен» үйдегі кездесуінде ойынның алғашқы жартысын жақсы өткізіп, айтарлықтай жайлы үстемдікке қол жеткізді. Жеңіс шайбасының авторы – Арсений Плашенков, алаң иелерінің қақпашысы Богдан Гиганов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Арлан» 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)

1:0 - 03:25 - Пархоменко (Гулый, Надиров)

2:0 - 13:34 - Плашенков (Тагамбаев)

3:0 - 21:42 - Абенов (Пархоменко, Гуринович)

3:1 - 33:56 - Ждановский (Кабдуали)

Қақпашылар: Гиганов - Лаюров


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.