Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.
«Арлан» Павлодарда «Мұнайшыдан» қарымта қайтарды. Матчтың басты қаһарманы – өз есебіне төрт гол жазған көкшетаулықтардың форварды Леонид Ждановский. Бұл ретте ол көз командасына үшінші кезеңнің соңында есеп теңестіруге көмектесіп, овертаймда шешуші шайбаны салды.
«Мұнайшы» - «Арлан» 3:4 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 0:1)
0:1 - 06:13 - Ждановский (Фетисов, Монахов)
1:1 - 09:19 - Гусейнов (Гулый, Пархоменко)
2:1 - 25:32 - Пархоменко (Абенов, Гуринович)
2:2 - 38:50 - Ждановский
3:2 - 48:48 - Пархоменко (Гуринович, Гулый)
3:3 - 55:02 - Ждановский (Кладов, Кабдуали) ГБ
3:4 - 63:55 - Ждановский (Монахов, Базько) ГБ
Қақпашылар: Гиганов – Чепец
«Құлагер» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Торпедоны» жеңді. Турнир кестесінің сегізінші орнына табан тіреген петропавлдықтар үшін бұл – биылғы чемпионаттағы оныншы жеңіс. Кирилл Юдин дубль жасады, жеңіс шайбасы Миросав Артемьевтің есебінде.
«Торпедо» - «Құлагер» 3:5 (1:0, 0:3, 2:2)
1:0 - 18:48 - Глухих (Кисель)
1:1 - 25:36 - Ильясов (Юдин, Артемьев) ГБ
1:2 - 30:13 - Горбань (Фрукалов, Литвинцов)
1:3 - 32:45 - Юдин (Заруцкий)
1:4 - 42:24 - Артемьев (Юдин)
2:4 - 45:54 - Тютюньков
3:4 - 47:16 - Хан (Чалкин, Мерзликин)
3:5 - 48:24 - Юдин (Заруцкий) ГБ
Қақпашылар: Эрштейн - Байдек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.