Торпедо мен Барыс-Жас үш балдан иеленді. 13 қаңтардағы матчтарға шолу

13 qańtar
1198

«Торпедо» екінші рет «Қыраннан» басым түсті. «Барыс-Жас» «Горнякты» жеңу үшін біршама тер төкті. «Мұнайшы» «Астанадан» қарымта қайтарды. «Ястребы» «Құлагерді» тырп еткізбеді.

Қарағандылықтар «Торпедомен» екінші ойында да тартыса алмады. Өскемендіктер ұтымды сәттерді қолданып, турнир кестесінде өзінен кейін тұрған командадан он ұпай айырмашылығымен алға кетті.

«Қыран» – «Торпедо» 2:5 (0:0, 0:2, 2:3)

0:1 - 34:37 - Попов (Тютюньков Я., Астафьев)

0:2 - 36:49 - Пивень (Храмов, Тютюньков Д.)

0:3 - 46:38 - Астафьев (Тютюньков Я.)

0:4 - 49:11 - Тютюньков Я. (Попов, Дьяченко)

1:4 - 52:19 - Жабунин (Совет)

1:5 - 59:44 - Масленников (Тютюньков Д., Пивень)

2:5 - 59:57 - Степанов (Ущев)

Қақпашылар: Куликов – Осокин

«Барыс-Жас» «Горнякқа» қарсы түздегі ойында бар екпінді бірінші кезеңге салды. Және бұл амалы нәтиже берді де. Рудныйлықтар алтыншы рет қатарынан жеңіліске ұшырап, елордалық ұжым лиганың турнир кестесінде бесінші орынға табан тіреді.

«Горняк» – «Барыс-Жас» 2:3 (1:3, 0:0, 1:0)

1:0 - 07:10 - Козорез (Утебаев, Суворов)

1:1 - 12:06 - Бейсембиев (Фокин, Тюлюнов)

1:2 - 16:15 - Бахитжанов (Бекеев Ж., Бекеев А.) ГБ

1:3 - 17:41 - Зизевских (Бейсембиев, Тюлюнов)

2:3 - 40:26 - Суворов (Козорез, Утебаев)

Қақпашылар: Скрынников – Шефер

«Мұнайшы» «Астананың» арынын басты. Елордалықтар есеп 0:2 болып тұрған жерінен есе қайтарды, алайда жинаған ұпайлары жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Павлодарлықтар құрамынан Валентин Терещенко дубль жасап, көзге түсті.

«Астана» – «Мұнайшы» 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)

0:1 - 17:34 - Терещенко (Васильев, Маткабыл)

0:2 - 23:46 - Терещенко (Маткабыл, Своеволин)

1:2 - 24:32 - Карпасов (Дунаев, Ракишев)

2:2 - 30:04 - Бреус (Карпасов) ГБ

2:3 - 39:21 - Демирделен (Шкленник, Суслов)

Қақпашылар: Риттингер (00:00-59:38) – Гущин

«Ястребы» тағы да «Құлагерге» жеңуге мүмкіндік бермеді. Егер бірінші кезеңде петропавлдықтар соққы жасай алса, ары қарай тек оралдықтар гол салып отырды.

«Ястребы» – «Құлагер» 7:1 (2:1, 2:0, 3:0)

1:0 - 00:07 - Ницевич (Залевский)

2:0 - 02:07 - Медведев (Васин)

2:1 - 14:08 - Койпиш (Фролов, Миллер)

3:1 - 24:14 - Капица (Камиден, Амангельдинов)

4:1 - 34:29 - Медведев (Ницевич)

5:1 - 40:35 - Васин (Ницевич, Медведев)

6:1 - 53:44 - Белашов (Капица, Емельянов) ГМ

7:1 - 57:44 - Ницевич (Пидяшов, Сафаргалиев)

Қақпашылар: Емельянов, Герасимов (55:49-60:00) - Токпан