Ястребы Горнякты ойсырата жеңді, Клочков нағыз покер жасады, Астана үштікке оралды

27 qarasha
899

Jastar Hokei Ligasy командалары Қазақстан чемпионатындағы ойындарын жалғастыруда.

Рудныйлықтар үйдегі алғашқы матчтарында «Ястребы» командасына төтеп бере алмады. Қонақтар жылдамырақ болып, 11 нәтижелі соққы жасады және өз қақпаларына шайба жуытпады. Оралдықтардың көшбасшысы Артём Клочков нағыз покер жасап, өз командасының биылғы чемпионаттағы жүзінші шайбасының авторы атанды. Мұның барлығына форвард небәрі 13 минут жұмсады.

«Горняк» - «Ястребы» 0:11 (0:3, 0:4, 0:4)

0:1 - 00:26 - Стальмаков (Севастьянов, Клочков)

0:2 - 06:24 - Акпирганов (Тяжелов, Рахимов)

0:3 - 12:05 - Селезнев (Акпирганов, Хусаинов)

0:4 - 27:01 - Перцев (Талерко, Куминов)

0:5 - 29:42 - Стальмаков (Рахимов, Алламов) ГБ

0:6 - 36:38 - Клочков (Трегубов, Севастьянов)

0:7 - 39:00 - Клочков (Селезнев, Стальмаков)

0:8 - 40:31 - Клочков (Стальмаков, Севастьянов)

0:9 - 49:00 - Клочков (Стальмаков, Селезнев)

0:10 - 52:03 - Шипулин (Тяжелов)

0:11 - 53:17 - Тяжелов (Рахимов, Хусаинов) ГБ

Қақпашылар: Шапошник (Шинковский, 52:03-60:00) - Костоев

«Астана» «Алматының» арынын басып, үш матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді және үздіктер үштігіне оралды. Жеңіс шайбасының авторы – Дастан Еркінов. «Елордалықтардың» қақпашысы Дармен Габдуллин қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Астана» 2:4 (1:2, 0:1, 1:1)

0:1 - 00:57 - Черкасов (Еркинов, Куценко) ГБ

1:1 - 10:31 - Выговский (Айдуков, Мажикенов)

1:2 - 18:17 - Шукелов (Амангалиев)

1:3 - 20:48 - Еркинов (Церульников, Черкасов)

1:4 - 47:22 - Сатемиров (Бондарев, Бекеев)

2:4 - 49:35 - Шулепов (Кошевник)

Қақпашылар: Яковенко - Габдуллин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.