Ястребы бесінші орынға шықты, Алматы Астанадан қарымта қайтарды

28 qarasha
972

Рудный мен Алматыда Қазақстан жастар чемпионаты аясындағы матчтар өтті.

«Ястребы» «Горнякты» тағы да ойсырата жеңді. Қонақтардың төрт нәтижелі шабуылына Данила Выборный (2+2) қатысты, қарсыласты екі реттен Артур Хусаинов пен Александр Шипулин састырды.

Қарашада оралдықтар алты матчтың бесеуінде жеңіске жетті, бұл командаға турнир кестесінде бесінші қатарға көтерілуге мүмкіндік берді. Рудныйлықтар үшін бұл биылғы маусымдағы 20-шы жеңіліс болып отыр.

«Горняк» - «Ястребы» 1:11 (0:1, 0:2, 1:8)

0:1 - 13:29 - Рахимов (Акпирганов, Хусаинов)

0:2 - 27:14 - Шипулин (Черников)

0:3 - 27:40 - Выборный (Стальмаков, Крицин)

0:4 - 43:09 - Пидяшов (Черников, Смелов)

0:5 - 46:48 - Хусаинов (Рахимов, Смелов)

1:5 - 49:29 - Корниенко (Долганов, Сертаев)

1:6 - 49:46 - Хусаинов (Акпирганов, Рахимов)

1:7 - 51:25 - Тяжелов ГБ

1:8 - 52:37 - Клочков (Выборный, Стальмаков)

1:9 - 55:02 - Шипулин (Черников)

1:10 - 55:26 - Выборный (Стальмаков, Клочков)

1:11 - 56:43 - Алламов (Клочков, Выборный) ГБ

Қақпашылар: Шапошник (Кушкенов, 52:16-55:26) - Байдек

«Алматы» «Астанадан» қарымта қайтарып, плей-офф аймағынан алшақтықты азайтты. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Артём Кошевник. Оңтүстікастаналық команда қақпашысы Иван Рудковский қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Астана» 5:2 (1:1, 2:1, 2:0)

1:0 - 14:34 - Выговский (Неумывакин, Мажикенов)

1:1 - 15:34 - Куценко (Турсынбеков, Черкасов)

2:1 - 26:30 - Бастаногов (Выговский, Мажикенов)

3:1 - 32:34 - Демеу

3:2 - 39:59 - Бекеев (Черкасов) ГБ

4:2 - 44:01 - Кошевник (Бастаногов, Неумывакин)

5:2 - 59:40 - Фетисов (Бастаногов) ПВ

Қақпашылар: Рудковский - Габдуллин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.