Теміртау мен Ақтөбеде Қазақстан жастар чемпионаты аясындағы матчтар өтті.
«Барыс» «Теміртауды» тағы жеңіп кетті. Алаң иелері үшін үшінші кезең шешуші болып, елордалық хоккейшілер үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жеңіс шайбасының авторы – Александр Перкин. Қонақтардың қақпашысы Абылайхан Төлеубай қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.
«Теміртау» - «Барыс» 1:3 (0:0, 1:0, 0:3)
1:0 - 32:12 - Рублёв (Степанов, Божко) ГБ
1:1 - 40:31 - Трегубов (Макаров, Дурглишвили)
1:2 - 47:07 - Перкин (Трегубов)
1:3 - 49:26 - Оразбаев (Шакшакбаев)
Қақпашылар: Селивёрстов - Төлеубай
«Ақтөбе» «Жас Батырды» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. Атыраулықтардың жеңіс сериясы 21 матчтан кейін үзілді. Жеңіс шайбасы финалдық ысқырыққа үш жарым минут қалғанда кем құраммен көзге түскен Ерасыл Шайкеновтің есебінде. Алаң иелерінен Кирилл Эрфурт дубль жасады. Қонақтардан екі голды өз есебіне Роман Строчкин жазды.
«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)
0:1 - 29:48 - Строчкин (Телгожаев, Щепеицких) ГБ
1:1 - 31:53 - Эрфурт (Оликов)
2:1 - 33:49 - Эрфурт (Поленов)
2:2 - 48:55 - Строчкин (Щепеицких, Телгожаев)
3:2 - 56:29 - Шайкенов ГМ
Қақпашылар: Дубович - Дударкиев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.