Қазақстан жастар чемпионатындағы қараша айының қорытындысы

1 jeltoqsan
837

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның үшінші айын қорытындылайық. Барлық командалар 22 матчтан өткізіп, тұрақты чемпионаттың бірінші жартысын артқа тастады.

«Жас Батыр» дегенмен жеңілді және бұл қарашаның ең соңғы матчында орын алды. Атыраулықтардың жеңіс сериясы 21 матчпен үзілді. Алайда Евгений Дерябин ойыншыларының турнир кестесіндегі орнына бұл еш әсер етпеді. «Жас Батырдың» есебінде 42 балл бар, бұл биылғы тұрақты чемпионатта сенімді түрде бірінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте атыраулықтар лиганың барлық қалған қатысушылары арасында ең нәтижелі ойын көрсетуін жалғастыруда (152 шайба салынды, әрбір матчта орта есеппен 7 гол салынды).

«Барыс» (37 балл) аралық көшбасшының ізін қуып келеді, алайда қараша елордалық ұжым үшін шығынсыз өтпеді. Турнир кестесінде оның ізінде «Астана» мен «Ақтөбе» жалғап келеді, қос команда 30 балдан жинады.

Материал жарияланған сәтте плей-офф аймағынан «Алматы», «Арлан», «Мұнайшы» және «Горняк» тыс қалып отыр. Және алматылықтар мен көкшетаулықтар әлі де кубоктік раунд үшін жорыққа орала алатын болса, павлодарлықтар (8 балл) мен рудныйлықтардың (5 балл) жағдайы мәз емес.

Өткен айда ең ірі жеңіс 3 қарашада Оралда тіркелді. «Ястребы» өз алаңында «Горнякты» 15:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл қарашаның ең нәтижелі жекпе-жегі болды.

Қазіргі таңда лиганың үздік бомбардирі мен сұрмергені – Роман Строчкин. «Жас Батырдың» форварды 22 матчта 59 (33+26) ұпай жинап, өзінің ізінен келе жатқан командадан 15 балға ілгері келеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.