Қазақстан жастар чемпионаты шағын үзілістен кейін оралды.
«Барыс» «Горнякты» тырп еткізбеді. Елордалық ұжымның ойыншылары қарсы қақпаға 66 соққы боратты, өз ұпайларын толтырып, чемпионаттағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Карим Кажибеков пен Рахимбек Мейрман 3 (1+2) балдан жинады.
«Горняк» - «Барыс» 1:9 (0:1, 0:3, 1:5)
0:1 - 07:47 - Шарапов
0:2 - 26:12 - Саркенов (Амырканов, Алибек)
0:3 - 29:43 - Кажибеков (Мейрман)
0:4 - 39:55 - Трегубов (Кажибеков)
0:5 - 40:38 - Макаров (Гафуров, Мейрман) ГБ
0:6 - 55:02 - Левковец (Шапоров, Шарапов)
0:7 - 58:32 - Алибек (Саркенов)
1:7 - 59:00 - Габдулянов (Макаров, Буб)
1:8 - 59:19 - Перкин (Кажибеков, Трегубов)
1:9 - 59:40 - Мейрман (Оразбаев)
Қақпашылар: Шапошник - Толеубай (Шарипов, 40:00-60:00)
«Ястребы» «Арланды» Көкшетауда сенімді түрде жеңді. Матчта екінші кезең шешуші болып, қонақтар қарсыласты төрт рет күйіндірді. Оралдықтардың форварды Сергей Стальмаков хет-трик жасады, екі гол Султанбек Рахимовқа тиесілі. «Арланнан» Леонид Ждановский екі шайба салды.
«Арлан» - «Ястребы» 3:7 (0:0, 1:4, 2:3)
0:1 - 21:56 - Рахимов (Тяжелов, Хусаинов) ГБ
0:2 - 23:45 - Стальмаков (Селезнев, Клочков)
0:3 - 25:50 - Хусаинов (Перцев, Талерко)
0:4 - 30:24 - Стальмаков (Клочков)
1:4 - 39:07 - Ждановский
1:5 - 50:18 - Селезнев (Черников)
1:6 - 50:56 - Стальмаков (Выборный, Клочков)
1:7 - 52:27 - Рахимов (Болат, Селезнев)
2:7 - 57:12 - Ждановский ГМ
3:7 - 58:49 - Ждановский (Монахов)
Қақпашылар: Лаюров – Какенов
«Мұнайшы» маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгін павлодарлықтар «Алматыдан» басым түсті. Шешуші шайбаның авторы – артық құраммен көзге түскен Дмитрий Пархоменко. Қонақтардың қақпашысы Богдан Гиганов қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.
«Алматы» - «Мұнайшы» 2:3 (1:2, 1:1, 0:0)
0:1 - 04:43 - Мальцев
0:2 - 14:18 - Брагин (Мальцев)
1:2 - 14:34 - Айдуков (Бастаногов)
2:2 - 22:21 - Бастаногов (Фетисов, Выговский) ГБ
2:3 - 32:30 - Пархоменко (Анцельм, Плашенков) ГБ
Қақпашылар: Рудковский (Яковенко, 20:00-59:35) - Гиганов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.