Астана Горнякты ойсырата жеңді, Арлан Жас Батырға төтеп бере алмады

13 jeltoqsan
395

1xBet Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойындарын жалғастыруда.

«Астана» Рудныйдағы бірінші матчта «Горнякты» тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ қонақтар үстемдік орнатып, әрі қарай есеп алшақтығы тек өсе берді. Семён Черкасов пен Айдар Сулейменов екі реттен көзге түсті.

«Горняк» - «Астана» 1:8 (0:3, 0:2, 1:3)

0:1 - 06:02 - Сатемиров (Церульников)

0:2 - 16:23 - Гатауллин (Шаяхметов, Тен)

0:3 - 17:59 - Еркинов (Тен)

0:4 - 29:33 - Черкасов (Шегебаев) ГБ

0:5 - 32:48 - Сулейменов (Пашковский)

0:6 - 42:00 - Черкасов (Шегебаев, Еркинов) ГБ

1:6 - 46:19 - Буб (Гаврюшин)

1:7 - 46:44 - Сулейменов (Пашковский, Турсынбеков)

1:8 - 54:32 - Шаяхметов (Гатауллин)

Қақпашылар: Шапошник (Шинковский, 53:40-60:00) - Габдуллин (Еркинов (09:53-13:50, 40:00-60:00)

«Арлан» «Жас Батырмен» кездесудің бірінші кезеңін жақсы өткізді, тіпті есеп бойынша жеңіп келе жатты. Алайда әрі қарай чемпионат көшбасшысы білек сыбына кірісіп, ойын барысын түбегейлі бұрып жіберді. Атыраулықтар құрамынан Роман Строчкин, Егор Максимов пен Филипп Папшев бір-бір дульден жасады. Көкшетаулықтардан екі дөп соққыны өз есебіне Георгий Монахов жазды.

«Арлан» - «Жас Батыр» 3:7 (2:1, 0:3, 1:3)

0:1 - 02:10 - Строчкин (Телгожаев, Мухамедияров) ГБ

1:1 - 10:54 - Монахов (Ждановский) ГМ

2:1 - 19:39 - Монахов (Фетисов, Базько)

2:2 - 24:26 - Максимов (Бойцов, Папшев)

2:3 - 25:02 - Папшев (Багитжанов)

2:4 - 34:46 - Строчкин (Бойцов)

2:5 - 44:02 - Щепеицких (Строчкин, Первутинский)

2:6 - 44:34 - Максимов (Бойцов, Симеониди)

3:6 - 52:44 - Ждановский (Каиргелді)

3:7 - 57:31 - Папшев (Симеониди)

Қақпашылар: Лаюров – Дударкиев

«Алматы» мен «Торпедо» үшін жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Овертайм ұзаққа созылмады, дубль жасаған Ян Тютюньков өскемендіктерге екі балл әкеліп, өскемендіктер бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша үшінші орынға шықты.

«Алматы» - «Торпедо» 3:4 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 05:03 - Чалкин (Ромашкин, Фокин) ГБ

1:1 - 21:44 - Филимонов

1:2 - 22:23 - Тютюньков (Киселёв, Кисель)

2:2 - 49:36 - Демеу (Кошевник, Фетисов)

2:3 - 51:13 - Кисель (Есимов, Тютюньков)

3:3 - 58:02 - Аширбай

3:4 - 61:47 - Тютюньков (Дубинкин, Кисель)

Қақпашылар: Яковенко - Эрштейн


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.