Жас Батырдың 50 ұпайы, Торпедо Алматыны ойсырата жеңді

14 jeltoqsan
664

1xBet Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойындарын жалғастырады.

«Астана» Рудныйда «Горнякты» тағы да сенімді түрде жеңіп кетті. Матчта екінші кезең шешуші болып: қонақтар жергілікті жұртшылықты төрт рет күйіндірді. Андрей Церульников дубль жасады, Егор Гатауллин үш нәтижелі пас берді.

«Горняк» - «Астана» 1:5 (0:1, 0:4, 1:0)

0:1 - 18:19 - Еркинов (Сулейменов, Гатауллин) ГБ

0:2 - 29:48 - Шевченко (Гатауллин) ГБ

0:3 - 34:34 - Церульников

0:4 - 37:24 - Черкасов ГМ

0:5 - 39:53 - Церульников (Гатауллин, Черкасов)

1:5 - 52:32 - Рязанов (Гаврюшин, Макаров) ГБ

Қақпашылар: Лигай – Еркинов

Чемпионат көшбасшысы «Жас Батыр» 50 ұпайлық межеге жетті. Атыраулықтар тартысты матчта «Арланды» жеңіп кетті. Руслан Телғожаев (1+2) кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды, алаң иелері құрамынан Леонид Ждановский дубль жасады.

«Арлан» - «Жас Батыр» 3:5 (1:3, 1:1, 1:1)

0:1 - 03:18 - Мухамедияров (Щепеицких, Телгожаев)

0:2 - 07:51 - Бойцов

1:2 - 10:45 - Ждановский (Монахов, Каиргелди) ГБ

1:3 - 19:09 - Телгожаев

1:4 - 23:05 - Ерасов (Симеониди, Первутинский)

2:4 - 29:59 - Ждановский

2:5 - 47:47 - Строчкин (Щепеицких, Телгожаев)

3:5 - 57:57 - Сауриков (Монахов, Кладов) ГБ

Қақпашылар: Лаюров – Дударкиев

«Алматы» үйдегі алғашқы матчында «Торпедоның» қақпасын ала алмады. Өскемендіктер екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарсыласты ойсырата жеңді. Дубль Артур Глухихтің есебінде, қонақтардың қақпашысы Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Торпедо» 0:7 (0:1, 0:4, 0:2)

0:1 - 11:20 - Харитоненко (Украинцев)

0:2 - 32:24 - Тютюньков

0:3 - 34:44 - Глухих (Астраханцев, Жапаров)

0:4 - 35:35 - Кисель (Тютюньков)

0:5 - 37:55 - Астраханцев (Мерзликин, Кисель)

0:6 - 47:32 - Глухих (Астраханцев)

0:7 - 53:53 - Омельковец (Ефремов)

Қақпашылар: Яковенко (Рудковский, 40:00-59:38) - Эрштейн


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.