Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына екі жекпе-жек жоспарланды.
«Барыс» «Құлагерді» сенімді түрде жеңді. Бұл матчта екінші кезең шешуші болып, елордалық ұжым жайлы үстемдік орнатты. Нурислам Зияш (1+1), Артур Гросс (1+1) пен Карим Кажибеков (0+2) кездесудің ең нәтижелі ойыншылары атанды. Алаң иелерінің қақпашысы Данил Лыткин қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.
«Барыс» - «Құлагер» 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)
1:0 - 17:43 - Перкин (Қажыбеков, Зияш)
2:0 - 24:02 - Әлібек (Китаров, Большедворский)
3:0 - 33:51 - Гросс (Оразбаев, Гафуров)
4:0 - 36:34 - Зияш (Қажыбеков, Макаров)
5:0 - 45:40 - Надейкин (Гросс, Шимин)
5:1 - 59:57 - Горбань (Кузьмин, Серік)
Қақпашылар: Лыткин - Елхимов
«Астана» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Арлан» ойсырата жеңді. Семён Черкасов пен Егор Гатауллин өз есебіне екі гол жазды. «Елордалықтар» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үздіктер үштігіне енгу үшін жорықты жалғастыруда. Көкшетаулықтар кубоктік сегіздіктен алты ұпайға артта қалып отыр.
«Астана» - «Арлан» 8:2 (5:1, 1:1, 2:0)
1:0 - 06:30 - Пашковский (Амангалиев)
2:0 - 07:53 - Еркинов (Церульников, Черкасов)
3:0 - 08:27 - Гатауллин (Бондарев)
4:0 - 11:47 - Черкасов (Бондарев, Бекеев)
4:1 - 13:24 - Ждановский (Сауриков, Кладов) ГБ
5:1 - 19:51 - Черкасов (Бекеев)
6:1 - 30:47 - Гатауллин (Амангалиев, Сторожилов)
6:2 - 36:26 - Чепышкин
7:2 - 52:43 - Амангалиев (Сторожилов)
8:2 - 56:20 - Сторожилов (Захаров)
Қақпашылар: Габдуллин - Лаюров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.