Торпедо Горнякты ойсырата жеңді, Ақтөбе Мұнайшыны «құрғатты»

21 jeltoqsan
953

1xBet Jastar Hokei Ligasy командалары өзінің тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.

«Горняктың» Өскемендегі алғашқы матчы рудныйлықтар үшін ауыр соққан құрғақ жеңіліспен аяқталды. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелері төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, нәтижесінде сенімді түрде жеңіске жетті. Өз есебіне Артур Глухих пен Игорь Кисель екі голдан салып, бес ұпай жинады.

«Торпедо» - «Горняк» 10:0 (4:0, 2:0, 4:0)

1:0 - 01:13 - Глухих (Мерзликин, Астраханцев)

2:0 - 14:11 - Ромашкин (Асанов, Чалкин)

3:0 - 14:20 - Украинцев (Харитоненко)

4:0 - 16:50 - Астраханцев (Глухих) ГБ

5:0 - 27:16 - Есимов (Кисель, Тютюньков)

6:0 - 38:44 - Тютюньков (Кисель)

7:0 - 46:07 - Кисель (Тютюньков)

8:0 - 55:33 - Дубинкин (Кисель, Пименов)

9:0 - 57:35 - Кисель (Дубинкин, Тютюньков) ГБ

10:0 - 58:43 - Глухих (Хан, Мерзликин)

Қақпашылар: Пыленок - Шапошник

«Ақтөбе» Павлодарда құрғақ жеңіске жетті. Матчта қонақтардың екінші кезеңнің аяқталуына бір секунд қалғанда салған екінші шайбасы шешуші болды. Дубль Максим Морозовтың есебінде. Максим Дубович қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 - 15:52 - Морозов (Бурамбаев, Цихоцкий)

0:2 - 39:59 - Морозов (Бурамбаев)

Қақпашылар: Гиганов - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.