Жас Батыр Алматыдан тағы да басым түсті, Теміртау Оралда қарымта қайтарды

21 jeltoqsan
402

1xBet Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.

«Жас Батыр» үйдегі екінші матчында «Алматыдан» жеңісті жұлып әкетті. Матчтың нүктесін чемпионаттың үздік бомбардирі Роман Строчкин қойды. Атыраулықтардың форварды ойынның есебін ашып-жапты, сондай-ақ жеңіс соққысының авторы атанды. «Жас Батыр» лиганың турнир кестесінде көш бастап келеді.

«Жас Батыр» - «Алматы» 3:2 (1:0, 0:2, 2:0)

1:0 - 19:29 - Строчкин (Телгожаев) ГБ

1:1 - 24:59 - Фатыхов (Филоненко, Аширбай)

1:2 - 32:11 - Фетисов

2:2 - 41:26 - Папшев (Бойцов)

3:2 - 54:32 - Строчкин (Щепеицких, Мухамедияров)

Қақпашылар: Дударкиев - Яковенко

«Теміртау» Оралда қарымта қайтарды. Бір қызығы, шешуші шайбаны қонақтар финалдық ысқырыққа екі минут қалғанда салды: Сергей Телегин көзге түсті. «Сары-қаралардың» қақпашысы Виктор Селивёрстов қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді.

«Ястребы» - «Теміртау» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 - 05:46 - Иконников (Селезнев, Рахимов)

1:1 - 27:47 - Рублёв (Деликов)

1:2 - 39:06 - Кайбелев (Коротких, Степанов) ГБ

2:2 - 40:37 - Рахимов (Куминов, Селезнев)

2:3 - 58:01 - Телегин (Рублёв)

Қақпашылар: Костоев (Какенов, 40:00-59:24, 59:39-59:52) - Селивёрстов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.