Ақтөбе төртінші орынға шықты, Жас Батыр маусымда 200 гол салды

25 jeltoqsan
945

Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы төрт матчпен ашылды.

«Ақтөбе» «Торпедоны» сенімді түрде жеңіп, турнир кестесінде өскемендік ұжымды басып озды. Енді батысқазақстандық команда төртінші орынды иеленді. Бүгінгі матчта қонақтардың форварды Александр Бурамбаев дубль жасады. Қақпашы Максим Дубович қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 1:5 (0:2, 1:0, 0:3)

0:1 - 05:39 - Цихоцкий (Шайкенов, Эрфурт)

0:2 - 07:33 - Шайкенов (Курсакбаев)

1:2 - 21:05 - Дубинкин (Мерзликин)

1:3 - 41:44 - Чекалин (Афлитонов)

1:4 - 50:14 - Бурамбаев (Шайкенов, Цихоцкий)

1:5 - 51:31 - Бурамбаев (Мозжерин, Эрфурт)

Қақпашылар: Эрштейн (Пыленок, 51:31-60:00) - Дубович

«Жас Батыр» «Теміртаумен» екінші матчта қателік жібермеді. Атыраулықтар әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан жасап, қорғаныста мығым ойнады. Қарсыласты екі реттен Роман Строчкин мен Даниил Шепеицких састырды. Алаң иелерінің қақпашысы Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді. «Жас Батыр» Лига командалары арасынан алғаш болып тұрақты чемпионаттағы 200 шайбалық межеден асты.

«Жас Батыр» - «Теміртау» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 04:25 - Щепеицких (Строчкин)

1:1 - 07:55 - Еськов

2:1 - 16:49 - Строчкин (Мухамедияров)

3:1 - 27:10 - Строчкин (Щепеицких, Мухамедияров)

4:1 - 36:19 - Щепеицких (Строчкин, Бойцов) ГБ

5:1 - 49:17 - Багитжанов (Шакубаев)

6:1 - 59:51 - Контуганов (Баймырзаев, Папшев) ГМ

Қақпашылар: Дударкиев - Селивёрстов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.