Желтоқсанның үздік ойыншылары

6 qańtar
551

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның төртінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Руслан Кәкенов («Ястребы»)

«Ястребы» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орын үшін таласты жалғастыруда, атап айтқанда, бұған Руслан Кәкенов елеулі үлес қосты. Желтоқсан айында голкипер мұзда 430 минутқа жуық уақыт өткізді, сегіз матчтың жетеуінде жеңіске жетіп, бір рет құрғақ жеңіске жетті. Орта есеппен ол әрбір ойында 1,82 шайба салып, соққылардың 93,16%-ына тойтарыс берді.

Үздік қорғаушы – Руслан Телғожаев («Жас Батыр»)

Телғожаевтың статистикасына көптеген шабуылшылар қызыға қарай алады. Желтоқсан айында Руслан жеті матчқа созылған жеңіс шеруін өткізді, тек соңғы ойында ғана жеңіліс дәмін тартты. Жалпы Телғожаев +14 пайдалылық көрсеткішімен 12 (3+9) ұпай жинады және қарсыластың сегіз соққысын бұғаттады. Айтқандай, шайбалардың бірін қорғаушы кем құраммен салды.

Үздік шабуылшы – Роман Строчкин («Жас Батыр»)

Строчкин өзінің чемпионаттың ең нәтижелі ойыншысы дәрежесін растады. Өткен айда Роман сегіз ойынның жетеуінде балл жинап, үш рет дубль жасады, ал біреуінде тіпті алты ұпай жинады. Строчкиннің есебінде +16 пайдалылық көрсеткішімен барлығы 24 (9+15) балл бар. Бұл ретте желтоқсанда форвард қарсы қақпаға 50 соққы жасап, Лигадағы екінші көрсеткішті орнатты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.