Қазақстан жастар чемпионаты жаңажылдық үзілістен кейін жалғасын тапты.
«Торпедо» белсенділік танытқан үшінші кезеңінің арқасында «Алматының» арынын басып, жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Өскемендіктердің екі нәтижелі шабуылына шешуші шайбаны салған Артур Глухих қатысты. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 19 соққыға тойтарыс жасады.
«Торпедо» - «Алматы» 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
1:0 - 24:06 - Рысбеков (Кисель, Якубджанов)
1:1 - 24:46 - Кошевник (Шулепов)
2:1 - 41:32 - Глухих (Мерзликин)
3:1 - 47:30 - Астраханцев (Глухих, Хан)
Қақпашылар: Эрштейн – Шарипов
«Арлан» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Горнякпен» ойын барысын басқа арнаға бұрып жіберді. Рудныйлықтар ойынға оралуға тырысты, алайда матч соңына қонақтар шаршамай жетті. Көкшетаулықтар құрамынан Владислав Кладов дубль жасады.
«Горняк» - «Арлан» 3:6 (2:0, 1:4, 0:2)
1:0 - 06:27 - Бельков (Крицин, Кожуховский)
2:0 - 14:12 - Макаров (Гаврюшин, Габдулянов) ГБ
2:1 - 26:07 - Кладов (Гизатулин, Ждановский)
2:2 - 26:47 - Ждановский (Монахов)
2:3 - 28:13 - Каиргелды (Толуспаев)
3:3 - 28:57 - Жумагалиев (Рязанов, Габдулянов)
3:4 - 36:36 - Сауриков (Кладов, Базько)
3:5 - 46:57 - Чепышкин (Перминов, Кабдуали) ГБ
3:6 - 47:22 - Кладов (Ждановский, Монахов)
Қақпашылар: Шапошник - Чепец (Лаюров, 54:28-60:00)
«Астана» «Жас Батырдың» жеңіс сериясын тоқтата алмады. Чемпионат көшбасшысы матч барысын бақылап, кезекті екі балды иемденді. Екі нәтижелі соққыны өз есебіне Филипп Папшев жазды. Атыраулықтар үшін бұл биылғы тұрақты чемпионаттағы 30-шы жеңіс болды.
«Астана» - «Жас Батыр» 2:5 (0:1, 0:2, 2:2)
0:1 - 02:24 - Папшев (Мухамедияров, Хальзев) ГБ
0:2 - 32:54 - Папшев (Багитжанов, Бойцов)
0:3 - 38:22 - Щепеицких (Строчкин, Телгожаев)
1:3 - 43:25 - Тен
2:3 - 48:49 - Бондарев (Черкасов, Сулейменов) ГБ
2:4 - 55:03 - Хальзев (Папшев, Трибунский)
2:5 - 55:26 - Максимов (Багитжанов)
Қақпашылар: Габдуллин (Еркинов, 55:26-60:00) - Дударкиев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.