Барыс пен Жас Батыр астанада итжығыс ойын көрсетті, Ястребы үшінші орынға әбден жақындады

14 qańtar
444

Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы қызу жексенбімен аяқталды.

Маусым көшбасшыларының екінші жекпе-жегі итжығыс өтті. Соңғы кезеңнің ортасына қарай «Барыс» үш шайба үстемдікпен алда келе жатты, алайда әрі қарай атыраулықтар небәрі алты минут ішінде ойынның барысын бұрып жіберді. Осы кезең ішінде алаң иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды, Роман Строчкин дубль жасады. Енді астаналықтарға есе қайтаруға тура келді, және Егор Смольянинов ойынды овертаймға айналдырды. Ал қосымша бес минутта дәл сол Смольяниновтің дөп соққысы «Барысқа» жеңіс әкелді.

«Барыс» - «Жас Батыр» 5:4 ОТ (1:0, 1:0, 2:4, 1:0)

1:0 - 01:13 - Муканов (Смольянинов)

2:0 - 23:20 - Перкин (Кажибеков) ГБ

3:0 - 45:59 - Трегубов (Левковец) ГБ

3:1 - 51:30 - Строчкин ГМ

3:2 - 53:45 - Нурлан (Трибунский, Контуганов)

3:3 - 56:50 - Садыков (Строчкин, Щепеицких)

3:4 - 57:17 - Строчкин (Щепеицких, Садыков)

4:4 - 58:08 - Смольянинов (Авдеенко, Шапоров)

5:4 - 61:45 - Смольянинов (Алибек)

Қақпашылар: Толеубай - Дударкиев

«Ястребы» «Астанамен» түздегі екінші матчты да жеңді. «Елордалықтар» екінші кезеңде оңбай сүрініп, әрі қарай жағдайда түзете алмады. Оралдықтар құрамынан Даир Алламов дубль жасады. Астанаға осы сапарынан кейін «Ястребы» үшінші орында келе жатқан «Торпедоға» бір балдық арақашықтыққа дейін жақындады.

«Астана» - «Ястребы» 3:5 (3:1, 0:4, 0:0)

1:0 - 04:20 - Еркинов (Черкасов, Шегебаев) ГБ

2:1 - 09:27 - Алламов (Клочков) ГБ

2:1 - 15:18 - Захаров (Еркинов, Черкасов) ГБ

3:1 - 19:47 - Китаров (Бондарев)

3:2 - 30:36 - Селезнев

3:3 - 34:14 - Алламов ГБ

3:4 - 36:16 - Пидяшов (Стальмаков, Клочков) ГБ

3:5 - 39:13 - Рахимов (Трегубов, Пидяшов) ГМ

Қақпашылар: Габдуллин - Какенов

«Құлагер» «Горнякпен» екінші матчтың бірінші кезеңін жойқын күшпен бастап, кездесудің алғашқы жеті минутында төрт гол салды. Әрі қарай петропавлдықтар үстемдікті финалдық ысқырыққа дейін сақтап, қарымта қайтара алды. Рудныйлықтарды Әділхан Шарықбаев екі рет күйіндірді.

«Горняк» - «Құлагер» 3:7 (1:4, 2:1, 0:2)

0:1 - 00:25 - Акмахан (Калиниченко)

0:2 - 02:56 - Серикбулатов (Абрамов)

0:3 - 04:23 - Шарикпаев (Замалиев)

0:4 - 06:38 - Фролов (Замалиев, Пименов) ГБ

1:4 - 10:38 - Крицин (Руслан, Сертаев) ГБ

1:5 - 25:04 - Шарикпаев (Пименов, Абрамов)

2:5 - 26:44 - Сертаев

3:5 - 28:26 - Габдулянов

3:6 - 42:04 - Утепкалиев (Серикбулатов) ГМ

3:7 - 57:12 - Замалиев (Пименов, Юдин)

Қақпашылар: Шапошник - Елхимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.