Теміртау Алматыны минималды есеппен жеңді, Барыс Астананы ойсырата жеңді

18 qańtar
848

Қазақстан жастар чемпионаты үш матчпен жалғасты.

«Теміртау» мен «Алматының» металлургтер қаласындағы тартысында көрермен бір ғана голға куә болды. Жергілікті жанкүйерді Кирилл Деликов қуантты. Бір қызығы, бұл шайба – «теміртаулықтар» үшін биылғы маусымдағы жүзінші шайба. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Селивёрстов қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Алматы» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 52:02 - Деликов (Умеренков)

Қақпашылар: Селивёрстов - Яковенко

Елордалық матчта қазіргі ел чемпионы сенімді түрде жеңіске жетті. Бірінші кезеңде-ақ «Барыс» жайлы есеп алшақтығын орнатып, онысы финалға қарай арта берді. Егор Левковец пен Илья Шапоров төрт балдан иемденді (екеуі 2+2 балдан).

«Астана» - «Барыс» 4:10 (0:3, 2:4, 2:3)

0:1 - 06:46 - Левковец (Зияш, Гросс)

0:2 - 07:44 - Шапоров (Сагымбаев, Смольянинов)

0:3 - 12:44 - Шапоров (Левковец, Надейкин)

0:4 - 24:48 - Надейкин (Гросс, Левковец)

1:4 - 30:25 - Черкасов (Бондарев)

1:5 - 31:34 - Гафуров (Мейрман, Сагымбаев)

1:6 - 34:04 - Гросс (Муканов, Шапоров) ГБ

2:6 - 37:37 - Черкасов (Бондарев, Бекеев) ГБ

2:7 - 39:41 - Зияш

2:8 - 54:44 - Левковец (Муканов)

3:8 - 55:25 - Китаров (Бекеев, Бондарев)

3:9 - 56:54 - Гафуров (Мейрман)

4:9 - 58:22 - Бондарев (Черкасов) ГБ

4:10 - 58:38 - Муканов (Шапоров) ПВ

Қақпашылар: Габдуллин (Еркинов, 40:00-60:00) - Толеубай

«Ақтөбе» чемпионат аутсайдері «Горнякты» жеңу үшін біршама тер төкті. Финалдық ысқырыққа төрт секунд қалғанда алаң иелері матчтың нүктесін қойды. Александр Бурамбаев дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Горняк» 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 14:10 - Долганов

1:1 - 35:38 - Бурамбаев (Окунский, Зубарев)

2:1 - 49:06 - Шайкенов (Бурамбаев, Цихоцкий)

3:1 - 59:56 - Бурамбаев ПВ

Қақпашылар: Дубович - Шапошник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.