«Құлагер» «Арланнан» жеңісті жұлып әкетті, Алматы Теміртаудан қарымта қайтарды, Бондаревтің хет-тригі Астананы Барыспен матчта құтқарды

19 qańtar
1095

Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасты.

«Теміртау» мен «Алматының» екінші матчында жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Бір қызығы, қонақтар жеңілістен финалдық ысқырыққа 34 секунд қалғанда құтылып кетті. Нәтижесінде командалар буллиттер сериясында қосымша балл ойнатып, онда оңтүстік астаналық хоккейшілер басым түсті. Шешуші матч Арлан Акпиргановтың есебінде.

«Теміртау» - «Алматы» 2:3 Б (0:1, 1:0, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 13:21 - Шулепов

1:1 - 34:56 - Умеренков (Соколов, Кайбелев)

2:1 - 54:22 - Степанов (Уатов, Рублёв)

2:2 - 59:26 - Выговский (Шулепов, Фетисов) ГБ

2:3 - 65:00 - Акпирганов ПБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Шарипов

«Құлагер» «Арланмен» матчтың үшінші кезеңін екпіндетіп өткізіп, жеңісті жұлып әкетті. Кездесудің басты қаһарманы – дубль жасаған және шешуші гол салған Кирилл Юдин.

«Арлан» - «Құлагер» 2:3 (0:0, 1:1, 1:2)

1:0 - 31:44 - Ждановский ГМ

1:1 - 38:16 - Акмахан (Шарикпаев, Комиссаров)

2:1 - 45:49 - Чепышкин (Кентаев)

2:2 - 46:30 - Юдин (Серикбулатов, Смелов)

2:3 - 52:08 - Юдин (Серикбулатов, Смелов)

Қақпашылар: Чепец - Елхимов

«Астана» «Барысты» тағы да жеңе алмады. Екінші кезеңнің ортасына қарай «елордалықтар» Никита Бондаревтің хет-тригінің арқасында есеп бойынша алда келе жатты. Алайда кейін алаң иелері өз қақпаларына үш шайба өткізіп, ес жия алмай қалды.

«Астана» - «Барыс» 3:5 (1:2, 2:2, 0:1)

0:1 - 00:42 - Кажибеков (Зияш)

1:1 - 17:36 - Бондарев (Бекеев)

1:2 - 19:46 - Шапоров (Сагымбаев, Левковец)

2:2 - 23:30 - Бондарев

3:2 - 30:59 - Бондарев (Мухаметжанов, Бекеев)

3:3 - 37:47 - Муканов (Шапоров, Сагымбаев)

3:4 - 39:46 - Надейкин

3:5 - 43:14 - Сагымбаев (Кажибеков, Смольянинов) ГБ

Қақпашылар: Габдуллин - Лыткин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.