Арлан Құлагерден қарымта қайтарды

20 qańtar
446

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Көкшетауда өтті.

«Арлан» «Құлагерден» сенімді түрде қарымта қайтарды, биылғы чемпионатта оныншы жеңісіне қол жеткізіп, кубоктік сегіздіктен алшақтықты алты ұпайға дейін қысқартты. Қарсыласты екі реттен Георгий Монахов пен Алдияр Кабдуали састырды. Көкшетаулықтардың қақпашысы Даниил Чепец қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Құлагер» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 37:40 - Монахов (Ждановский)

2:0 - 38:44 - Кабдуали (Перминов)

3:0 - 46:06 - Монахов (Ждановский, Базько)

3:1 - 48:34 - Пименов (Кузьмин)

4:1 - 53:22 - Кабдуали (Сауриков, Кентаев)

Қақпашылар: Чепец - Елхимов (Байдек, 22:56-24:03)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.