Жас Батыр маусымдағы төртінші жеңілісіне ұшырады, Ястребы Мұнайшыны тырп еткізбеді

22 qańtar
1264

Қазақстан жастар чемпионатында дүйсенбіге екі матч жоспарланды.

«Жас Батыр» маусымдағы төртінші жеңілісіне ұшырады. Бүгін чемпионат көшбасшысы үздіктер үштігінде қалуға тырысатын «Торпедоға» қарсы төтеп бере алмады. Өскемендіктер үшін жеңіс шайбасының авторы Руслан Чалкин болды, Данила Омельковец текетіресті бос қақпаға шайба дарытып қорытындылады. Қонақтардың қақпашысы Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.

«Жас Батыр» - «Торпедо» 2:4 (2:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 06:52 - Садыков (Строчкин, Телгожаев) ГБ

1:1 - 12:07 - Есимов (Якубджанов, Кисель)

2:1 - 15:58 - Ерасов (Мухамедияров, Садыков)

2:2 - 21:14 - Кисель (Фокин, Дубинкин) ГБ

2:3 - 22:41 - Чалкин (Фокин, Бурнашов)

2:3 - 38:40 - Кисель

2:4 - 59:59 - Омельковец ПВ

Қақпашылар: Дударкиев - Эрштейн

«Ястребы» «Мұнайшыны» тырп еткізбеді. Бұл матчта екінші кезең шешуші болып, оралдықтар қарсыластың қақпасын үш рет алды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы – үш шайбаға қатысқан Данила Выборный (1+2).

«Ястребы» - «Мұнайшы» 6:1 (1:0, 3:1, 2:0)

1:0 - 18:55 - Выборный (Стальмаков)

1:1 - 22:57 - Плашенков (Анцельм, Мальцев) ГБ

2:1 - 24:28 - Пидяшов (Выборный, Севастьянов) ГБ

3:1 - 28:05 - Селезнев (Севастьянов, Стальмаков)

4:1 - 39:31 - Рахимов (Выборный) ГМ

5:1 - 45:14 - Перцев (Талерко, Пидяшов)

6:1 - 50:51 - Тяжелов (Хусаинов)

Қақпашылар: Какенов (Байдек, 56:23-60:00) - Гиганов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.