Қажыбековтің хет-тригі Барысқа Горнякты ойсырата жеңуге көмектесті, Ақтөбе Астананы «құрғақ» жеңді

23 qańtar
1507

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Барыс» «Горнякты» ойсырата жеңіп, ағымдағы маусымдағы 30-шы жеңісіне қол жеткізді. Егер бірінші және екінші кезеңдерде рудныйлықтар қарсыласқа өздерінің нәтижелі шабуылдарымен жауап берсе, соңғы кезеңге қонақтар шаршап жетті. Жеңімпаздар құрамынан Кәрім Қажыбеков хет-трик жасады. Амир Гафуров пен Егор Левковец төрт балдан жинады.

«Барыс» - «Горняк» 12:3 (2:1, 4:2, 6:0)

1:0 - 09:07 - Кажибеков (Макаров, Перкин)

1:1 - 10:10 - Жумагалиев (Гаврюшин)

2:1 - 18:18 - Мейрман (Гафуров, Оразбаев)

3:1 - 25:25 - Гафуров (Смольянинов, Шимин)

4:1 - 34:06 - Левковец (Муканов, Шапоров)

5:1 - 34:43 - Гафуров (Оразбаев, Мейрман)

6:1 - 35:37 - Кажибеков (Зияш)

6:2 - 36:47 - Жумагалиев (Гаврюшин)

6:3 - 39:08 - Жумагалиев (Крицин, Рязанов)

7:3 - 41:20 - Мейрман (Шимин, Гафуров)

8:3 - 41:29 - Смольянинов (Муканов, Левковец)

9:3 - 52:49 - Левковец (Смольянинов)

10:3 - 56:19 - Кажибеков (Шапоров, Муканов)

11:3 - 57:06 - Смольянинов (Шимин, Левковец)

12:3 - 58:08 - Перкин (Кажибеков) ГМ

Қақпашылар: Толеубай - Шапошник (Шинковский, 50:48-60:00)

«Ақтөбе» «Астанаға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. Ұзақ уақыт бойы төртінші минутта салынған Максим Мозжериннің шайбасы ойындағы жылғыз гол болды. Десе де, қонақтар соңында қарсыласты тықсырды. «Ақтөбенің» голкипері Максим Дубович өз есебіне 24 сейв жазды.

«Астана» - «Ақтөбе» 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 - 03:52 - Мозжерин

0:2 - 57:09 - Потапов (Морозов)

0:3 - 59:42 - Шайкенов (Цихоцкий, Эрфурт) ПВ

Қақпашылар: Габдуллин (Еркинов (57:09-58:50, 59:42-60:00) - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.