Теміртау Құлагерді ойсырата жеңді, Барыс пен Ақтөбе 13 шайбадан салды, Алматы Андрусенконың хет-тригінің арқасында Арланды жеңді

26 qańtar
396

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына үш кездесу жоспарланды.

«Теміртау» жыл басындағы жеңілістер сериясынан кейін соңғы үш матчтың екеуін жеңді. Бүгін алаң иелеріне Кирилл Деликов пен Никита Рублёвтің дубльдері жеңіс әкелді. «Сары-қаралар» турнир кестесінің жетінші қатарына бекіді.

«Теміртау» - «Құлагер» 7:2 (4:0, 2:0, 1:2)

1:0 - 03:46 - Рублёв (Соколов, Лигай)

2:0 - 11:42 - Умеренков (Калкабек, Деликов)

3:0 - 13:51 - Рублёв (Степанов, Соколов) ГБ

4:0 - 19:43 - Забурдяев (Степанов, Денисов)

5:0 - 26:34 - Деликов (Кайбелев, Калкабек)

6:0 - 33:11 - Деликов (Умеренков)

6:1 - 43:50 - Ербатыров (Горбань, Шарикпаев) ГБ

7:1 - 46:06 - Калкабек (Деликов, Умеренков)

7:2 - 54:56 - Абрамов (Ильясов, Фрукалов) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Байдек (Елхимов, 20:00 - 54:53, 54:56 - 60:00)

«Барыс» пен «Ақтөбе» бірлесіп 13 шайба салып, нәтижелі матч ұсынды. Бүгін елордалық ұжым дәлірек көздеді, алаң иелері үшін бірінші кезең сәтті болды. Қонақтарды екі реттен Карим Кажибеков, Егор Левковец пен Егор Смольянинов састырды. Ақтөбеліктерден өз есебіне екі голдан Александр Бурамбаев пен Ерасыл Шайкенов жазды.

«Барыс» - «Ақтөбе» 8:5 (5:2, 1:1, 2:2)

1:0 - 07:18 - Левковец (Смольянинов, Дурглишвили) ГБ

2:0 - 08:41 - Кажибеков (Перкин, Муканов)

2:1 - 09:20 - Бурамбаев (Седов)

3:1 - 10:37 - Левковец (Смольянинов, Дурглишвили)

4:1 - 12:51 - Муканов (Манажанов, Левковец)

4:2 - 15:32 - Шпак (Мозжерин, Морозов)

5:2 - 15:57 - Кажибеков (Перкин, Манажанов)

6:2 - 22:35 - Смольянинов (Дурглишвили, Левковец) ГБ

6:3 - 38:57 - Шайкенов (Бурамбаев)

6:4 - 40:58 - Шайкенов (Бурамбаев, Эрфурт) ГБ

7:4 - 45:34 - Мейрман

8:4 - 58:46 - Смольянинов

8:5 - 59:11 - Бурамбаев

Қақпашылар: Толеубай - Дубович (Шпигун, 20:00-60:00)

«Арлан» әрбір кезеңде бір нәтижелі шабуылдан жасады, алайда бұл ұпай жинау үшін жеткіліксіз болды. «Алматы» маңызды жеңіске жетіп, сегізінші орынға шықты. Кездесудің басты қаһарманы – хет-трик жасаған алаң иелерінің форварды Юрий Андрусенко.

«Алматы» - «Арлан» 7:3 (2:1, 2:1, 3:1)

0:1 - 17:43 - Чепышкин (Базько, Ждановский) ГБ

1:1 - 18:30 - Шулепов (Акпирганов) ГБ

2:1 - 19:15 - Андрусенко (Айдуков)

2:2 - 20:38 - Кабдуали (Каиргелди, Кентаев)

3:2 - 32:59 - Андрусенко (Филоненко)

4:2 - 37:43 - Айдуков

4:3 - 45:20 - Перминов ГМ

5:3 - 47:03 - Андрусенко (Выговский) ГБ

6:3 - 51:58 - Выговский (Цинаев, Андрусенко)

7:3 - 55:39 - Акпирганов (Мажикенов) ГБ

Қақпашылар: Шарипов (Яковенко, 27:23-60:00) - Чепец (Лаюров, 51:58-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.