Қазақстан жастар чемпионатындағы қаңтар айының қорытындысы

1 aqpan
776

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның бесінші айын қорытындылайық.

«Жас Батыр» өткен айда үш рет жеңіліске ұшырап, «Барыстың» қуып жетуіне мүмкіндік берді. Қазір қос команданың қоржынында 69 ұпайдан бар, алайда атыраулықтардың әлі ойналмаған екі матчы бар. Үздіктер үштігін есебінде 55 ұпайы бар «Торпедо» тұйықтайды.

Осы ұжымдардан бөлек, плей-оффқа «Ястребы» (52 балл), «Ақтөбе» (52 балл) және «Астана» (50 балл) жолдама алды. Жетінші орындағы «Теміртау» сегіздікті тұйықтайтын «Құлагерден» 27 ұпай алда келе жатыр.

«Алматы» петропавлдықтарға тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана есе жіберіп тұр (27 балл). «Арлан» жоғалтқан ұпайлары бойынша әлі де плей-оффтан үмітті. Ал «Мұнайшы» мен «Горняк» медаль үшін тартыстан шығып қалды.

Қаңтарда чемпионат үшін айшықты оқиға болды – Лиганың үздік бомбардирі «жас батырлық» Роман Строчкин 100 ұпайлық межеге жетті. Қазір оның есебінде 51 гол және 49 нәтижелі пас бар.

Өткен кезеңдегі ең ірі жеңіске 27 қаңтар күні өз алаңында «Құлагерді» 12:1 есебімен жеңген «Теміртау» жетті. Қаңтардың ең нәтижелі матчы 23 қаңтар күні елордада өтті – «Барыс» «Горнякты» 12:3 есебімен ойсырата жеңді. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.