Жас Батыр Астананы ойсырата жеңді, Теміртау Ақтөбенің қақпасын ала алмады

8 aqpan
483

1xBet Jastar Ligasy командалары Қазақстан тұрақты чемпионатындағы ойындарын жалғастыруда.

Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Жас Батыр» «Астананы» тырп еткізбеді. Қарсыласты екі реттен Руслан Телғожаев пен Филипп Папшев састырды. Атыраулықтардың қақпашысы Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Жас Батыр» - «Астана» 6:0 (2:0, 1:0, 3:0)

1:0 - 03:55 - Телгожаев (Мухамедияров, Строчкин)

2:0 - 14:18 - Хальзев (Папшев, Контуганов)

3:0 - 37:45 - Строчкин

4:0 - 49:17 - Папшев (Хальзев, Трибунский) ГБ

5:0 - 51:43 - Телгожаев (Садыков)

6:0 - 53:11 - Папшев (Контуганов, Трибунский)

Қақпашылар: Дударкиев - Еркинов

«Ақтөбе» өз сәттерін уақытылы іске асырып, қорғаныста мығым ойнады. Осы компоненттер «Теміртауға» қарсы үйдегі ойындағы құрғақ жеңістің кепілі болды, осы ойыннан кейін алаң иелері кестедегі үшінші орынға оралды. Өз командасының екі нәтижелі шабуылына Александр Бурамбаев қатысты, Максим Дубович қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Теміртау» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 11:55 - Бурамбаев (Цихоцкий, Шайкенов)

2:0 - 22:03 - Шпак (Зубарев)

3:0 - 39:18 - Илияс (Бурамбаев, Катасонов)

Қақпашылар: Дубович - Пахоленко

«Ястребы» мен ауа райының қолайсыздығына байланысты Оралға жете алмаған «Барыс» арасындағы матчтар кейінге қалдырылды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.