Арлан Торпедоға жол берді, Теміртау Горнякты ойсырата жеңді, Құлагер Мұнайшыға қарсы ойында маңызды жеңіске қол жеткізді

12 aqpan
703

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына үш матч жоспарланды.

«Теміртау» «Горнякпен» текетіресте бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, сенімді түрде жеңіске жетті. Қарсыласты екі реттен Альхам Қалқабек пен Марк Забурдяев састырды, командаластарына үш реттен Кирилл Деликов пен Никита Рублёв пас берді.

«Горняк» - «Теміртау» 1:8 (0:4, 1:2, 0:2)

0:1 - 01:52 - Забурдяев

0:2 - 05:25 - Забурдяев (Деликов)

0:3 - 16:18 - Қалқабек (Деликов)

0:4 - 18:50 - Соколов (Рублёв)

0:5 - 21:15 - Лигай (Рублёв, Коротких)

0:6 - 31:17 - Қалқабек (Деликов, Кайбелев) ГБ

1:6 - 39:11 - Жұмағалиев (Буб, Сертаев) ГБ

1:7 - 54:13 - Степанов (Соколов)

1:8 - 58:50 - Коротких (Рублёв, Соколов)

Қақпашылар: Лигай - Пахоленко

«Торпедо» Көкшетауда екі балл жинады. Қорытынды кезеңнің ортасына қарай қонақтар өздері үшін жайлы есеп орнатып, кездесуді жеңіспен аяқтады. Өскемендіктердің екі нәтижелі шабуылына Даниил Якубджанов қатысты. «Арланның» құрамынан Леонид Ждановский дубль жасады.

«Арлан» - «Торпедо» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 - 19:43 - Астраханцев (Якубджанов, Кисель)

0:2 - 35:18 - Ефремов (Глухих)

0:3 - 48:45 - Якубджанов

1:3 - 54:01 - Ждановский (Фетисов) ГБ

1:4 - 54:12 - Фокин (Индюков, Омельковец)

2:4 - 57:41 - Ждановский (Базько, Монахов) ГБ

Қақпашылар: Чепец - Эрштейн

«Құлагер» өз алаңында «Мұнайшыны» жеңіп, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ойында екінші кезең шешуші болып, алаң иелері үш гол салды. Жеңімпаздар құрамынан Алексей Пименов екі дөп соққы жасады.

«Құлагер» - «Мұнайшы» 5:2 (1:0, 3:0, 1:2)

1:0 - 04:33 - Фрукалов (Серикбулатов)

2:0 - 27:11 - Юдин (Серикбулатов, Комиссаров)

3:0 - 32:39 - Фролов (Комиссаров, Акмахан)

4:0 - 33:51 - Пименов (Горбань)

4:1 - 41:54 - Плашенков (Лариков, Тагамбаев) ГБ

4:2 - 46:58 - Рихард (Плашенков) ГБ

5:2 - 56:40 - Пименов (Акмахан)

Қақпашылар: Елхимов - Гиганов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.