Алматы маусымның басты матчтарының бірінде есе жіберді, Құлагер Мұнайшыны ойсырата жеңді, Астана Бекеевтің хет-тригінің арқасында Ястребы командасын жеңді

13 aqpan
435

1xBet Jastar Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.

«Алматымен» матчтың үшінші кезеңінің ортасына қарай «Ақтөбе» төрт шайба үстемдікпен алға шықты. Алайда әрі қарай оңтүстікастаналық команда жылдамдықты арттырып, есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Әйтсе де, алаң иелері бүгін жеңісті уыстан шығарып алмады. Максим Морозов хет-трик жасады.

«Ақтөбе» - «Алматы» 6:4 (0:0, 2:0, 4:4)

1:0 - 23:57 - Морозов (Потапов, Болгов) ГБ

2:0 - 32:07 - Бурамбаев (Цихоцкий, Оликов) ГМ

2:1 - 41:51 - Мажикенов (Акпирганов)

3:1 - 42:39 - Морозов (Зубарев)

4:1 - 46:20 - Потапов (Афлитонов, Болгов)

5:1 - 50:21 - Шайкенов (Бурамбаев, Цихоцкий) ГБ

5:2 - 52:06 - Филоненко (Шулепов, Цинаев) ГБ

5:3 - 56:08 - Шулепов ГБ

5:4 - 59:51 - Акпирганов (Выговский)

6:4 - 59:59 - Морозов ПВ

Қақпашылар: Дубович - Шарипов (Яковенко, 46:20-60:00)

«Ақтөбенің» осалдығын «Құлагер» пайдаланып, өз алаңында «Мұнайшыны» ойсырата жеңіп, жинаған балы бойынша батысқазақстандықтармен иық теңестірді. Бекнұр Ақмахан мен Кирилл Юдин екі балдан салды.

«Құлагер» - «Мұнайшы» 7:1 (2:0, 3:1, 2:0)

1:0 - 04:39 - Юдин (Смелов)

2:0 - 17:42 - Акмахан (Комиссаров)

3:0 - 24:28 - Смелов (Юдин, Серикбулатов)

3:1 - 27:16 - Рихард (Тагамбаев)

4:1 - 28:19 - Юдин (Серикбулатов, Фрукалов) ГБ

5:1 - 38:22 - Фрукалов (Серикбулатов, Юдин)

6:1 - 53:12 - Акмахан (Калиниченко, Мейрам)

7:1 - 59:17 - Серикбулатов (Литвинцов)

Қақпашылар: Елхимов - Гиганов (Плотников, 40:00-60:00)

«Астана» Оралдан төрт балмен қайтты. «Елордалықтар» әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, чемпионаттағы балл саны бойынша «Ястребы» командасын басып озды. Алайда оралдықтардың қоржынында турнир кестесі бойынша көтерілуге мүмкіндік беретін тағы төрт матчы бар. Жеңімпаздар құрамынан Жанболат Бекеев хет-трик жасады.

«Ястребы» - «Астана» 2:6 (0:2, 0:2, 2:2)

0:1 - 02:44 - Пашковский (Черкасов, Плечев)

0:2 - 06:14 - Бекеев (Шегебаев, Еркинов) ГБ

0:3 - 20:23 - Черкасов (Бекеев) ГБ

0:4 - 20:41 - Бекеев (Бондарев, Китаров)

0:5 - 44:54 - Бекеев (Черкасов) ГБ

1:5 - 47:41 - Клочков (Родионов) ГМ

1:6 - 50:03 - Черкасов (Бекеев, Сторожилов) ГБ

2:6 - 56:27 - Рахимов (Крицин) ГБ

Қақпашылар: Костоев (Какенов, 20:23-58:39) – Габдуллин

Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша ширекфиналистердің бірінші жұбы анықталды. Олар: «Барыс» пен «Теміртау». 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.