Теміртау Арланмен матчта жеңісті уыстан шығарып ала жаздады, Ястребы Жас Батырды «құрғақ» жеңді

17 aqpan
1033

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына екі матч жоспарланды.

«Арланмен» үйдегі матчтың ортасына қарай «Теміртау» үш шайба үстемдікпен алда келе жатты. Алайда әрі қарай көкшетаулықтар ойынға оралып, есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Десе де, екі балды бүгін алаң иелері еншіледі. Кездесудің қаһарманы – дубль жасаған Никита Коротких.

«Теміртау» - «Арлан» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)

1:0 - 12:31 - Соколов (Лигай, Степанов)

2:0 - 16:43 - Коротких (Рублёв, Степанов)

3:0 - 25:16 - Коротких (Лигай, Степанов)

3:1 - 32:50 - Монахов (Кабдуали, Каиргелді)

3:2 - 58:13 - Сауриков (Ждановский, Монахов)

Қақпашылар: Пахоленко - Лаюров


Тұрақты чемпионаттың ең соңғысынан бұрынғы матчында «Жас Батыр» маусымдағы алғашқы құрғақ жеңілісіне ұшырады. Атыраулықтар түзде «Ястребы» командасының қақпасын ала алмады. Оралдықтарға Сергей Стальмаковтың дублі мен 44 соққыға тойтарыс берген қақпашы Руслан Кәкеновтің тамаша ойыны жеңіс әкелді.

«Ястребы» - «Жас Батыр» 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 07:03 - Стальмаков (Клочков)

2:0 - 12:35 - Пидяшов (Выборный, Алламов) ГБ

3:0 - 45:03 - Стальмаков (Клочков, Выборный)

Қақпашылар: Какенов - Дударкиев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.