Барыс сериядағы үстемдігін нығайтты, Астана тағы да Торпедоға есе жіберді

23 aqpan
276

Барыс сериядағы үстемдігін нығайтты, Астана тағы да Торпедоға есе жіберді

«Торпедо» «Астананы» екінші рет жеңіп кетті. Бүгін «елордалықтар» жеңістен әбден үмітті болды, тіпті соңғы минуттарда есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Алайда өскемендіктер өз дегенінде тұрды. Алаң иелерінен Даниил Якубджанов дубль жасады. «Астанадан» екі дөп соққыны өз есебіне Темірлан Қитаров жазды. Командалар елордаға «Торпедоның» пайдасына шешілген сериядағы 2-0 есебімен ойысады.

«Торпедо» - «Астана» 6:5 (2:0, 4:3, 0:2)

1:0 - 03:09 - Якубджанов (Дубинкин, Тютюньков)

2:0 - 13:51 - Индюков (Чалкин, Ефремов)

2:1 - 20:17 - Китаров (Бекеев, Бондарев) ГБ

2:2 - 22:13 - Ждановский (Шегебаев)

3:2 - 24:32 - Астраханцев (Тютюньков, Дубинкин) ГБ

4:2 - 26:43 - Тютюньков (Якубджанов, Беляков)

4:3 - 31:38 - Китаров (Черкасов, Ждановский) ГБ

5:3 - 35:39 - Мерзликин (Кисель, Хан)

6:3 - 36:20 - Якубджанов (Тютюньков)

6:4 - 49:45 - Бондарев (Черкасов, Ждановский) ГБ

6:5 - 58:29 - Тен (Шаяхметов, Церульников)

Қақпашылар: Эрштейн - Габдуллин (Еркинов, 36:20-60:00)

«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-0 (8:2, 6:5)

«Барыс» пен «Теміртаудың» екінші кездесуі кешегі матчқа ұқсас өтті. Елордалық ұжым елеулі есеп алшақтығына жетіп барып, қарсыласқа екі нәтижелі шабуыл жасауға рұсқат етті. «Сары-қараларды» екі рет Абзал Әлібек састырды. Әзірге астаналықтардың бұл текетіресте үстем екені ешкімнің күмәнін туғызбайды.

«Барыс» - «Теміртау» 6:2 (3:0, 1:1, 2:1)

1:0 - 04:33 - Мұқанов (Ермак, Смольянинов)

2:0 - 07:09 - Әлібек (Надейкин)

3:0 - 09:44 - Макаров (Мейрман, Оразбаев)

4:0 - 21:03 - Шарапов

4:1 - 39:13 - Божко (Еськов)

5:1 - 43:24 - Смольянинов (Муканов, Ермак)

6:1 - 47:53 - Әлібек (Надейкин)

6:2 - 57:07 - Ольденбургер (Уатов, Денисов) ГБ

Қақпашылар: Толеубай – Селивёрстов

«Барыс» - «Теміртау» сериясындағы есеп: 2-0 (6:2, 6:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.