Папшевтің пента-тригі Жас Батырға Құлагерді ойсырата жеңуге көмектесті, Ақтөбе Ястребы командасынан жеңісті жұлып әкетті

23 aqpan
409

Қазақстанның төрт қаласында Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық сериялары жалғасуда.

Атыраудағы екінші матчта «Жас Батыр» «Құлагерді» ойсырата жеңді. Кездесудің басты қаһарманы – өз есебіне бес шайба жазған алаң иелерінің шабуылшысы Филипп Папшев. Қарсыласты үш рет Данила Пиниди састырды. Командалар Петропавлға тұрақты чемпионат жеңімпазының сериядағы көшбасшылығымен аттанбақшы.

«Жас Батыр» - «Құлагер» 11:2 (4:1, 3:0, 4:1)

0:1 - 02:26 - Акмахан (Смелов, Серікболатов) ГБ

1:1 - 05:07 - Папшев (Пиниди) ГБ

2:1 - 16:11 - Мухамедияров (Садықов, Строчкин) ГБ

3:1 - 17:01 - Папшев (Әуезбай)

4:1 - 19:52 - Строчкин (Базько) ГБ

5:1 - 20:50 - Мухамедияров (Телғожаев, Садықов)

6:1 - 23:56 - Папшев (Пиниди, Хальзев)

7:1 - 36:23 - Пиниди (Папшев)

7:2 - 45:21 - Шулепов (Рыбин, Горбань)

8:2 - 49:02 - Папшев (Әуезбай, Хальзев)

9:2 - 49:55 - Пиниди (Папшев, Баймырзаев)

10:2 - 53:16 - Папшев (Пиниди, Хальзев) ГБ

11:2 - 56:15 - Пиниди (Папшев, Базько) ГМ

Қақпашылар: Дударкиев - Елхимов (Байдек, 17:01-60:00)

«Жас Батыр» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 2-0 (2:1, 11:2)

Ақтөбедегі екінші матч барысында «Ястребы» үш гол үстемдігімен алда келе жатты. Алайда алаң иелері бұған көндікпей нағыз тартыс ұйымдастырды. Онысы нәтиже берді. «Ақтөбе» есеп теңестіріп қана қоймай, Ерасыл Шайкеновтің дөп соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті. Денис Афлитонов пен Дмитрий Пидяшов өз есептерін екі голмен толықтырды.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 6:5 (1:3, 4:2, 1:0)

0:1 - 11:41 - Иконников (Какенов) ГБ

0:2 - 15:33 - Хусаинов (Рахимов, Крицин) ГБ

1:2 - 16:31 - Афлитонов (Мозжерин, Катасонов)

1:3 - 18:58 - Пидяшов (Черныш)

1:4 - 21:58 - Пидяшов (Рахимов)

2:4 - 29:25 - Мозжерин (Монахов, Афлитонов) ГМ

2:5 - 31:21 - Дьяченко (Рахимов) ГБ

3:5 - 31:42 - Афлитонов (Бурамбаев)

4:5 - 35:03 - Катасонов (Афлитонов, Шайкенов)

5:5 - 37:42 - Цихоцкий (Курсакбаев, Бурамбаев)

6:5 - 45:56 - Шайкенов (Бурамбаев)

Қақпашылар: Дубович - Какенов

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 2-0 (6:2, 6:5)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.