Теміртау мен Астана плей-оффтағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

26 aqpan
882

Қазақстан жастар чемпионатының ширек финалдық сериялары жалғасып жатыр.

«Теміртау» «Барыспен» ағымдағы серияда екпіндетіп бастаған бірінші кезеңінің арқасында жеңіске жетті. «Сары-қараларға» Никита Короткихтің, Омар Уатовтың, Александр Денисов пен Виталий Божконың дөп соққылары, сонымен қатар қақпашы Дмитрий Пахоленконың орындауындағы 36 сейв жеңіс әкелді. Бұл серия кемінде бір матчқа Астанаға оралады.

«Теміртау» - «Барыс» 4:3 (3:1, 0:0, 1:2)

1:0 - 01:39 - Коротких (Умеренков, Рублёв)

2:0 - 07:45 - Уатов (Степанов Г., Божко)

2:1 - 14:56 - Перкин (Шақшақбаев)

3:1 - 17:58 - Денисов

3:2 - 45:08 - Трегубов (Шарапов, Перкин)

4:2 - 49:29 - Божко (Уатов)

4:3 - 55:17 - Ермак (Әлібек, Шақшақбаев) ГБ

Қақпашылар: Пахоленко - Төлеубай

«Барыс» - «Теміртау» сериясындағы есеп: 2-1 (6:2, 6:2, 3:4)

«Астана» соңғы минуттарда «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетіп, сериядағы есеп алшақтығын қысқартты. Кездесудің басты қаһармандары – жалғыз шайбаның авторы Абулхаир Мұхаметжанов және 24 соққыға тойтарыс берген «елордалықтардың» қақпашысы Дармен Ғабдуллин.

«Астана» - «Торпедо» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 57:15 - Мұхаметжанов (Ждановский, Еркінов)

Қақпашылар: Ғабдуллин - Эрштейн

«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-1 (8:2, 6:5, 0:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.