Жас Батыр тарихта алғаш рет жартылай финалға шықты, Торпедо Астанамен серияда үшінші матчын жеңді

27 aqpan
386

Қазақстан жастар чемпионатының ширек финалдық сериялары жалғасуда.

«Құлагер» тұрақты чемпионаттың жеңімпазына қарсы тұра алмады. «Жас Батыр» серияда төртінші матчын жеңіп, петропавлдық қарсыласын демалысқа аттандырды. Даниил Шепеицких дубль жасады. Атыраулықтар өз тарихында алғаш рет ½ финалға шықты. «Жас Батырдың» плей-оффтың екінші раунды бойынша қарсыласы кейінірек белгілі болады.

«Құлагер» - «Жас Батыр» 1:7 (0:2, 1:2, 0:3)

0:1 - 05:12 - Щепеицких (Строчкин)

0:2 - 17:35 - Щепеицких (Телгожаев)

0:3 - 29:07 - Контуганов (Папшев, Пиниди)

0:4 - 35:30 - Строчкин (Щепеицких, Садыков)

1:4 - 38:01 - Анисимов (Калиниченко)

1:5 - 43:02 - Пиниди (Хальзев, Бойцов)

1:6 - 43:53 - Буб (Хальзев, Базько)

1:7 - 48:05 - Садыков (Строчкин) ГБ

Қақпашылар: Байдек - Дударкиев (Прицкер, 51:25-60:00)

«Жас Батыр» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 4-0 (2:1, 11:2, 6:3, 7:1)

«Торпедо» үш рет артық құрам ұйымдастырды, елордада жеңіске жетіп, келесі раундқа шығуға үлкен қадам жасады. Өскемендіктер құрамынан жеңіске үлес қосқандардың бірі – дубль жасаған Данила Омельковец. Қонақтардың қақпашысы Никита Эрштейн өз есебіне 31 сейв жазды.

«Астана» - «Торпедо» 2:3 (0:0, 1:3, 1:0)

1:0 - 21:30 - Еркинов (Черкасов, Сатемиров)

1:1 - 27:36 - Омельковец (Кисель, Дубинкин) ГБ

1:2 - 28:01 - Омельковец (Якубджанов, Дубинкин) ГБ

1:3 - 30:46 - Фокин (Мерзликин, Чалкин) ГБ

2:3 - 53:51 - Ждановский (Бекеев, Китаров) ГБ

Қақпашылар: Габдуллин - Эрштейн

«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 3-1 (8:2, 6:5, 0:1, 3:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.