Теміртау Барыспен серияда есеп теңестірді, Ақтөбенің жартылай финалға шығуына бір қадам қалды

27 aqpan
430

Қазақстан жастар чемпионатының ширек финалдық сериялары жалғасуда.

«Теміртау» «Барыспен» ширек финалдың екінші үй матчында да жеңіске жетті. Бүгінгі кездесу барысында елордалық хоккейшілер екі шайбамен алда келе жатты, алайда алаң иелері алдымен есе қайтарып, әрі қарай бірінші овертаймның алғашқы минутында жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – Григорий Степанов. Бұл серияда кемінде тағы екі кездесу өтті.

«Теміртау» - «Барыс» 4:3 ОТ (1:3, 1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 01:52 - Лигай (Умеренков, Степанов М.) ГБ

1:1 - 17:13 - Қажыбеков (Перкин)

1:2 - 19:33 - Ермак (Муканов, Шақшақбаев) ГБ

1:3 - 19:56 - Қажыбеков (Дурглишвили, Трегубов)

2:3 - 32:16 - Рублёв (Ольденбургер, Коротких)

3:3 - 47:13 - Денисов (Уатов, Степанов Г.)

4:3 - 60:27 - Степанов Г. (Божко, Уатов)

Қақпашылар: Селивёрстов - Төлеубай

«Барыс» - «Теміртау» сериясындағы есеп: 2-2 (6:2, 6:2, 3:4, 3:4 ОТ)

«Ақтөбе» плей-оффтың келесі айналымына шығуға елеулі қадам жасады. Бүгін оралдықтар өзінің тәжірибелі қарсыластарына соққы боратты, алайда шешуші сәттерде қонақтар дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасының авторы – Георгий Монахов.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 3:4 (1:2, 2:0, 0:2)

0:1 - 13:31 - Потапов (Болгов, Зизевских)

1:1 - 14:07 - Трегубов (Перцев)

1:2 - 16:16 - Шайкенов (Цихоцкий, Бурамбаев)

2:2 - 26:35 - Выборный (Стальмаков, Алламов) ГБ

3:2 - 30:49 - Рахимов (Пархоменко, Селезнев) ГБ

3:3 - 40:43 - Мозжерин (Бурамбаев)

3:4 - 51:47 - Монахов (Каиргелди, Морозов)

Қақпашылар: Какенов - Дубович

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 3-1 (6:2, 6:5, 3:4 ОТ, 4:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.