Торпедо мен Ақтөбе плей-оффқа жолдама алды

1 naýryz
414

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының екі ширекфиналдық сериялары аяқталды.

«Елордалықтар» «торпедолықтарға» тағы да соққы боратты, алайда қонақтар үшін Никита Эрштейн үлкен кедергіге айналды. Өскемендіктердің қақпашысы өз командасына қарсыластың шабуылына төтеп беруге мүмкіндік беріп, барлығы 40 соққыға тойтарыс берді. Матч пен серияны овертаймның жетінші минутында көзге түскен Артур Глухих қорытындылады. «Торпедо» JastarLigasy жартылай финалының екінші қатысушысы атанды.

«Торпедо» - «Астана» 2:1 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 19:58 - Тютюньков (Беляков)

1:1 - 22:18 - Тен (Церульников, Шаяхметов)

2:1 - 66:13 - Глухих (Тютюньков, Якубджанов)

Қақпашылар: Эрштейн - Габдуллин

«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 4-1 (8:2, 6:5, 0:1, 3:2, 2:1 ОТ)

Плей-оффтың келесі кезеңінің үшінші қатысушысы «Ақтөбе» болды. Алаң иелері серияның бесінші ойынында «Ястребы» командасының арынын басып, чемпионаттың үздік төрттігіне жолдама алды. Ерасыл Шайкенов дубль жасады, текетіресті Даниил Цихоцкий қорытындылады.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 6:4 (1:1, 3:1, 2:2)

1:0 - 00:22 - Катасонов

1:1 - 04:39 - Талерко (Селезнев, Родионов)

2:1 - 30:47 - Монахов (Илияс, Поленов)

3:1 - 31:10 - Болгов (Потапов)

4:1 - 31:25 - Шайкенов (Цихоцкий, Бурамбаев)

4:2 - 39:18 - Стальмаков (Хусаинов, Рахимов) ГБ

4:3 - 40:25 - Пархоменко (Тяжелов)

5:3 - 51:32 - Шайкенов (Бурамбаев, Цихоцкий) ГБ

5:4 - 54:12 - Клочков (Селезнев, Стальмаков) ГБ

6:4 - 57:53 - Цихоцкий ПВ

Қақпашылар: Дубович - Какенов

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 4-1 (6:2, 6:5, 3:4 ОТ, 4:3, 6:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.