Металлургтер қаласында қорытынды ширекфиналдық серияның алтыншы матчы өтті.
Елордалық ұжым үшін бірінші кезең олжалы болып, Семён Симонов пен Алмаз Мұқановтың дөп соққыларынан кейін «Барыс» шешуші үстемдікке ие болды. Тимофей Симонов «Теміртауды» ойынға екінші кезеңнің басында оралтты. Алайда әрі қарай қонақтар ұтымды ойнады.
Осылайша, «Барыс» Қазақстан жастар чемпионаты жартылай финалдық кезеңінің төртінші қатысушысы атанды.
«Теміртау» - «Барыс» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)
0:1 - 04:21 - Симонов (Русланулы, Ермак)
0:2 - 14:16 - Муканов (Авдеенко)
1:2 - 20:31 - Симонов (Умеренков)
1:3 - 29:54 - Саркенов (Мигунов, Алибек)
1:4 - 44:50 - Мигунов
2:4 - 49:10 - Ольденбургер (Рублёв, Божко) ГБ
2:5 - 57:09 - Бейсембаев (Шапоров, Муканов)
Қақпашылар: Селивёрстов - Шестаков
«Барыс» - «Теміртау» сериясындағы есеп: 4-2 (6:2, 6:2, 3:4, 3:4 ОТ, 9:2, 5:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.