Барыс пен Жас Батыр өздерінің жартылай финалдық серияларында көш бастады

10 naýryz
321

Астана мен Атырауда 1xBet Jastar Hokei Ligasy плей-оффының ½ финалдық сериялары басталды.

«Барыс» «Торпедомен» сериядағы алғашқы матчын өткізді. Бірінші кезеңде-ақ қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай елордалық ұжымның үстемдігі арта берді. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Кирилл Ляпунов (1+2) қатысты. Қақпашы Артём Шестаков қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс» - «Торпедо» 6:0 (3:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 14:19 - Решетько (Ляпунов, Русланулы)

2:0 - 16:05 - Симонов (Решетько, Ляпунов)

3:0 - 16:46 - Трегубов (Макаров)

4:0 - 36:44 - Ермак (Дурглишвили, Шестаков)

4:0 - 38:46 – Шақшақбаев ШБ

5:0 - 42:15 - Кажибеков (Трегубов, Оразов)

6:0 - 53:30 - Ляпунов (Русланұлы, Симонов)

Қақпашылар: Шестаков – Эрштейн

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 1-0 (6:0)

Батыстық жартылай финалдық тартыстың бірінші кездесуінде атыраулық хоккейшілер басым түсті. Ойында бастапқы кезең шешуші болып, алаң иелері үстемдік орнатты. Жеңіс шайбасының авторы – Валерий Хальзев.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 6:3 (3:2, 2:1, 1:0)

0:1 - 10:47 - Потапов (Мозжерин, Бурамбаев)

1:1 - 12:00 - Мұхамедияров (Строчкин, Телғожаев)

2:1 - 16:20 - Щепеицких

2:2 - 16:31 - Цихоцкий (Бурамбаев)

3:2 - 17:38 - Садықов (Строчкин, Щепеицких)

4:2 - 22:48 - Хальзев (Буб, Базько)

5:2 - 27:00 - Телғожаев (Садықов, Щепеицких)

5:3 - 34:23 - Эрфурт

6:3 - 51:16 - Папшев (Строчкин, Пиниди)

Қақпашылар: Дударкиев – Дубович

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 1-0 (6:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.