Барыс Торпедомен серияда жеңіске жетіп, үстемдігін нығайтты

11 naýryz
330

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі матчында «Барыс» «Торпедоны» қабылдады.

Өскемендіктер бүгін қарымта қайтаруға белді бекем буып келді. Ұзақ уақыт бойы ойын қонақтардың бақылауында болды. Жекпе-жектің 45-ші минутында «Торпедо» екі шайба үстемдікпен алда келе жатты. Алайда әрі қарай «Барыс» қозғалысты үдетіп, шайбаны ұршықтай үйірді. Нәтижесінде финалдық ысқырыққа дейін елордалық команда қарсыласты тағы да төрт рет састырып, жартылай финалдағы өз үстемдігін нығайтты. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған соққының авторы – Глеб Решетько.

«Барыс» - «Торпедо» 6:4 (2:1, 0:2, 4:1)

0:1 - 07:52 - Рысбеков ГБ

1:1 - 12:51 - Ляпунов (Оразов, Решетько)

2:1 - 17:25 - Бейсембаев (Шакшакбаев, Шарапов)

2:2 - 23:20 - Мерзликин (Глухих, Рысбеков) ГБ

2:3 - 29:09 - Дубинкин (Астраханцев, Якубджанов) ГБ

2:4 - 41:59 - Омельковец

3:4 - 45:04 - Оразов (Симонов, Ляпунов) ГБ

4:4 - 55:33 - Муканов (Шакшакбаев, Ермак)

5:4 - 55:58 - Решетько (Оразов, Ляпунов)

6:4 - 59:37 - Гросс (Мигунов) ПВ

Қақпашылар: Шестаков - Осокин

«Барыс» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-0 (6:0, 6:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.