Жанкүйерлерді хоккей мейрамына шақырамыз!

12 naýryz
466

Қазақстанның хоккей федерациясы QHL-дың бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірлесіп, ел тарихында алғаш рет ғаламат фестиваль – «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» өтетінін қуана хабарлайды.

Хоккей мерекесі 27 сәуір күні «Барыс-Аренада» өтеді. «1XBET HOKEI MEIRAMY 2024» фестиваліндегі айшықты оқиға – қазақстандық хоккейдің беткеұстарлары, ҚХЛ мен Pro Hokei Ligasy-ның қазіргі ойыншылары, жұлдыздар мен басқа да танымал жандар қатысатын 3х3 форматындағы турнир болмақ.
Жанкүйерлер үшін түрлі белсенділіктер мен ұтыстар, сондай-ақ фото және автограф-сессиялар жоспарланған.
Жақын уақытта біз турнир форматын, жұлдызды командаларымыздың құрамдарын жария етеміз. Олардың біреуі жанкүйерлерден құралады. Сондай-ақ қатысушылардың тамаша киім үлгісімен таныстырамыз.

Қазақстандағы алғашқы хоккей мейрамына куә болуға асығыңыздар! Қызықтың бәрі алда!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.